» » «Мектепке жол»: Мұқтаж отбасыларға тағы 20 компьютер табысталды

«Мектепке жол»: Мұқтаж отбасыларға тағы 20 компьютер табысталды

 Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары ескі компьютерлерді кәдеге жаратып, балалардың кедергісіз білім алуы үшін ІТ паркпен бірлескен жобаны қолға алған болатын.
Қала тұрғындары бұған дейін істен шыққан компьютерлерін орталыққа әкелген. Нәтижесінде мамандар 110-ға жуық компьютердің ішіндегі қажетті бөлшектерді пайдалана отырып, тағы жаңа 20 компьютерді жасақтап шығарды. Бүгін олар екінші лекпен тұрмысы төмен, мұқтаж отбасыларға таратылды.
Орталық директоры Бауыржан Мастековтың айтуынша, осыған дейін жаңа оқу жылына орай 30 компьютер берілген, республикада алғаш болып біздің өңірде қолға алынған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасады.
Компьютерге қол жеткізгендер ішінде Айнұр Әлиева бар. Оның баласының білім көкжиегін кеңейтуіне берілген бұл мүмкіндікке деген алғысы зор. Иә, жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды. Өзгеге мейірім сыйлау үшін таза ниеттің өзі жеткілікті.
10 қараша 2020 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930