» » Біз контрацепцияның сенімді түрін таңдау білемізбе?

Біз контрацепцияның сенімді түрін таңдау білемізбе?

   Контрацепцияның сенімді түрін таңдау үшін дәрігер – маманмен кеңескен жөн. Егер дәрігермен кеңесу мүмкін болмаса, ерлер презервативін қолданған жөн, оларға қазір еш тапшылығы жоқ. Пезервативтердің тағы бір артықшылығы олар жыныстық жолмен таралатын аурулардың алдын алуда маңызы зор.
    Контрацепция уақытша түрде ұрықтануды болдырмайтын әдістердің бірі болып табылады. Жүктілікті болдырмау үшін мұны білуің керек!
Ішетін контрацептивтер (тиімділігі 99%) – бұл күнделікті қабылдайтын дәрілер. Олардың құрамында эстроген және прогестин бар, құрамы жағынан әйелдердің табиғи гормондарына жақын. Ұрықтануға қарсы дәрілер аналық безден ұрық жасушасының шығуын басады және жатыр мойынының қаналындағы сілемейді қоюландырып, ұрық жасушасына қарай аталық ұрықтың жылжуын қиындатады, сондықтан жүкті болуға жағдай туындамайды. Егер, сіздің серіктесіңізде жыныстық серіктес біреуден көп болса, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан (ЖЖЖИ) және АИТВ – дан сақтану үшін таблеткалармен қосымша мүшеқапты пайдаланыңыз. Дәрілерге қарсы көрсетілімдер бар, оларды қолданудан бұрын дәрігермен кеңесуіңіз керек! 
         Мүшеқап (тиімділігі 85 – 98%).  Ерлердің мүшеқабы -бұл эрекция кезінде ерлердің жыныстық мүшесіне кигізілетін қап. Әйелдер мүшеқабы –  жұқа мөлдір пленкадан жасалған басы мен аяқ жағында сақиналары бар қап. Оның бір басы жатырға кіреді, ал екінші жағы сыртта қалады. Жыныстық қатынас кезінде аталық ұрықтың жатырға түсуіне жол бермейді. Мүшеқап – контрацепциясы қаламаған жүктіліктен және жыныстық жолмен жұғатын инфекциялық аурулардан сақтанудың бірден бір әдісі болып табылады. Инъекциялар (тиімділігі 99%).                  
         Инъекциялар/инемен шаншу – бұләйелдердің жамбасына немесе қолдағы бұлшық етіне үш айда бір рет салынатын  контрацептивті препараттар. Оның құрамында аналық безден ұрық жасушасының шығуын басатын прогестин гормоны және жатыр мойынындағы сілемейді қоюландырып аталық ұрықпен ұрықтануын қиындатады. Егер де Депо – Провера инъекциясын үнемі алсаңыз, жүктіліктен сақтану әдісі бойынша тиімділігі өте жоғары. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан (ЖЖЖИ) және АИТВ – дан қорғамайды. Инъекцияларда қарсы көрсетілімдер бар, оларды қолданудан бұрын дәрігермен кеңесуіңіз керек!
         Спираль (тиімділігі 99%).  Жатыр ішіндегі спираль (ЖІС) – медициналық қызметкердің жатырға салатын шағын қорғаныш. ЖІС – нің түрі, материалы мен әрекет ету механизміне қарай ерекшеленетін түрлері бар. ЖІС аталық ұрықпен ұрықтануына немесе жатырға аталық ұрықпен түсуін қиындата отырып, жатыр мойны сілемейін қоюландырады. Енгізілген ЖІС 5 – 10 жылға тиімді және жас босанған қыздарға да пайдалануға болады. Жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардан (ЖЖЖИ) және АИТВ – дан қорғамайды. Дәрігер сізге бұл әдіс келетінін немесе келмейтіндігін анықтап береді.
06 қараша 2020 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031