» » ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП!

ЕСІРТКІСІЗ ӨМІР ҒАЖАЙЫП!

   Нашақорлық – есірткі заттарды қолдану нәтижесінде пайда болатын ауру. Есірткі – адам өмірін бір сәтте басқа арнаға бұратын зиянды әдеттердің бірі. Есірткінің әсерінен адам мас болады, сандырақтайды, психикалық ауруға ұшырайды.
Есірткіге тәуелділік өте тез қалыптасады. Оны 1-2 рет қабылдағаннан кейін-ақ адам организмінде есірткіге деген құмарлық арта түседі. Есірткіге құмарлықтың пайда болуының екі жолы белгілі. Біріншісі, есірткінің адам организміне зиян келтіретінін білмеуден болады. Ал екінші, есірткіге мастану, өмірдегі қиындықтарды ұмыту мақсатында саналы түрде қабылдау.
    Есірткіге деген тәуелділік бүкіл организмнің қызметін бұзады, ауруға қарсы тұру қабілетін төмендетеді. Ең әуелі бас ми зардап шегеді, адамда қорқыныш пайда бола бастайды. Кейін адамның ойлау қабілеті, сана-сезімі бұзылады. Есірткі салдарынан адамда көптеген аурулар пайда бола бастайды. Мысалы: СПИД ауруы, сары ауру, жыныс аурулары, есірткі енгізген жерлердегі ірің аурулары, т.б. Тіпті, есірткіге тәуелді адамдар ұзақ уақыт өмір сүре алмайды. Есірткіге құмарлық өмір бойы сақталуы мүмкін. Тек санаулылары ғана есірткіге деген тәуелділігін жеңе алады. Қауіптен құтылудың ең дұрыс тәсілі – оларды ешуақытта татып көрмеу.
    Есірткінің алдын алу үшін балаларда есірткіге деген теріс көзқарас қалыптастыру керек. Адамдар есірткіні көп жағдайда қажуды басу үшін қолданатынын айта кеткен жөн. Алайда тиімді әрі қауіпсіз түрде дене белсенділігінің көмегімен немесе қызықты іспен шұғылдану арқылы  шаршағанды басуға болатынын ескерген жөн.
     Апиынның немесе героиннің әр грамында біреудің бұзылған тағдыры жатады емес пе? Егер адамдар есірткіге деген тәуелділігін жеңіп, өз уақытын тиімді қолдана білсе, әлем қалай өзгерер еді? Әрбір адам, тіпті жасөспірімдер уақытын жақындарымен өткізіп, оларды бағалап, қуанта білсе, ешкімге ешқандай тәуелділік керек болмас еді.
Әр адам өзін қоғамның бір бөлігі ретінде сезініп, қоғамды гүлдендіру мақсатында жақсылық жасай білсе, үлкен жетістік болары анық. Елімізді гүлдендіріп, болашағын айқындау өз қолымызда!
                                                                                     Қарақат Мұратқызы,
№261орта мектептің оқушысы
12 қараша 2020 ж. 740 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930