Есірткісіз өмір ғажайып
Өмір-ол адам баласына бір-ақ рет беріледі.Сенің өмірің –ол сенің тағдырың.
Есірткі.Бұл заттың зиян екенін бәріміз білеміз.Ол адам өміріне өте қауіпті.Ол затқа адам баласы тез тәуелді болады,себебі, құрамында никотин бар. Ал никотон ол бір қауіпті зат.Негізінде бұл есіртркі деген адам баласын өлімге де, қылмысқа да апаратын жол.Қазіргі таңда осы заттың кесірінен қаншама адамдар ауру болып жатыр.Яғни,өз-өзіне арнайы екпе салып,шылым шегіп,ауру болып жатыр.Есірткі адамға ешқандай да пайда әкелмейді,саған тек қана зиянын тигізіп қоймай,сені өлімге итермелейді.Бұл өте улы зат.Адам бойын улап,ластайтын зат.Есірткі-ол жалпы айтқанда нашаорлық,зиянкестік,лаңкестік,сол затқа деген тәуелділік.
Нашақорлық.Бұл затты көбіне ауру адамдар,өз жай-күйіне шыдай алмаған.Өз өмірін дұрыс сүре алмаған.Өз ұиыншылықтарын жеңе алмаған.Нашақорлық адамды ұрлыққа,басқа қасгөй іске итермелейді.Яғни, бұл дегеніміз өз өмірін тек қана осыған тәуелді өткізу.
Темекі тартудан,ішімдік немесе есірткі пайдаланудан аулақ болу үшін бар күшіңді сал-олар физикалық және психикалық денсаулыққа кері әсерін тигізеді.Кей адамдарға ішімдік ішумен темекі тарту барлық келеңсіздіктерден айырылудың жалғыз жолы деп ойлайды.Алайда,бұл-көбіне адамды одан да күрделі қиындықтарға жетелейтін жол.
Темекі тартуға адам бойы тез үйренеді,сондықтан, бұл істі тіпті дұрыс.Есіңде денсаулығына зиян,темекінің иісі адамның деміне немесе оның киіміне сіңіп қалуы әбден мүмкін.Темекі тарпайтын адамдар сенен жиірікенуі мүмкін.Сондықтан да сенің айналаңдағы адамдар сенен жиіркенбесін десең,шылым шегімді таста!Бұл саған ешқандай да пайда әкелмейді!
Денсаулығымыз бәрінен де маңызды.Өмір-қас қағым сәт.Өтеді де кетеді.Ал сол өмірді неге керемет етіп, ешқандайда шылымысыз,наша,есірткісіз өткізбеске?Біреудің сені ішімдік ішуге немесе есірткі қолдануға көндіруіне жол берме!
№271 орта мектебінің
Оқушысы Шакизада Нұрай
Қызылорда облысы