» » Көмір сатып алу үшін әкімдік ақша береді

Көмір сатып алу үшін әкімдік ақша береді

Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы көмір сатып алуға әлеуметтік көмек көрсетеді.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі хабарлады.
«Әлеуметтік төлем 4 ең төмен күнкөріс деңгейінен аспайтын (шамамен 160 мың теңге) жан басына шаққандағы табысы болған жағдайда басқа тұрғын үйі жоқ, пешпен жылитын жеке тұрғын үйде тұратын, оның жекеменшік иесі (жалға алушысы) немесе жекеменшік иесінің отбасы мүшелері (жалға алушысы) – зейнеткерлерге, мүгедектерге, мүгедек балаларға және көпбалалы отбасыларға жүргізіледі» делінген Нұр-Сұлтан әкімдігінің хабарламасында.
Өтемақы жылыту маусымына 16 айлық есептiк көрсеткiш көлемінде беріледі. Яғни 44 448 теңгеден береді. Көмір сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жекеменшiк тұрғын үйде тұрған жағдайда өтемақы тек қана бiреуiне берiледi.
Карантин шараларын сақтау мақсатында (15 қазаннан 30 сәуірге дейін) жылу беру кезеңінде әлеуметтік көмек алуға өтініш беруші электронды үкіметтің веб-порталы (egov.kz) арқылы мына құжаттар қоса өтініш бере алады:
1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
3) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;
4) зейнеткерлер үшін зейнеткерлiк куәлiгiнің көшірмесі, мүгедектер үшін мүгедектiгi жөнiндегi анықтамасының көшірмесі;
5) ҚР Әдiлет министрлiгiнiң аумақтық органы берген жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқығының болмауы (болуы) жөнiндегi анықтама.
6) банктік шот туралы мәлімет.
Сұрақтар бойынша байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады:
– Филаретова Инна Юрьевна Алматы ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 702 158 08 53;
– Жанұзақова Құралай Серікқызы Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 705 468 50 01;
– Жүндібаева Нұргүл Қасымжанқызы Есіл ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 702 433 93 36;
– Станбаева Салтанат Дүйсенқызы Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау бөлімінің басшысы, 8 702 961 09 68.
19 қараша 2020 ж. 470 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031