» » Айлығы 120 мың теңге отбасыларға "7-20-25" бойынша несие алуға болады

Айлығы 120 мың теңге отбасыларға "7-20-25" бойынша несие алуға болады

    "Баспана" ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков 60 мың теңге айлық алатын әр отбасыға "7-20-25" бағдарламасы бойынша қалай пәтер сатып алуға болатынын түсіндірді.
 Алтынбеков "7-20-25" бағдарламасының пайыз жағынан жеңілдікті қарастыратынын, бірақ басқа тұстарынан алып қарағанда бағдарламаға келіп түсетін өтініштердің басқа несиелер сияқты қаралатынын айтады. Сондай-ақ, ол әлеуметтік желілерде бағдарламаға қатыса алмайтынын, оған себеп табысының бағдарламаға сәйкес болмауында деп жазып жатқан қолданушыларды байқағанын айтып өтті. "Біздің мамандар қазақстандықтардың табысына қатысты сараптама жүргізді. Мысалы, екі адамнан тұратын отбасы құны 10 миллион теңге болатын пәтер сатып алу үшін бастапқы жарна ретінде 2 миллион ақша төлеу керек. Оларға бұл жағдайда 8 миллион теңге несие беріледі. Сонда ай сайынғы төлем 56 мың теңге болады. Сондықтан да екі адамнан тұратын отбасы мүшелерінің табысы 120 мың теңге болуы тиіс. Әрқайсысы орташа есеппен 60 мың теңге жалақы алса, онда олар пәтер алуы мүмкін", - деді Алтынбеков. Оның айтуынша, екеуінің табысы тұрақты болуы тиіс.

12 қыркүйек 2018 ж. 1 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031