» » Бүгін ұрдық, ертең не болады?

Бүгін ұрдық, ертең не болады?

                            Енді қайттік?
 «Мұғалімнің беделі төмен», «мұғалім қадірсіз» деп тым жиі айта беретініміз сонша, міне, енді оны есін тандыра ұрып, аурухана төсегіне таңып қоюға дейін жеткіздік. Жағдайды ушықтырып алдық. Сұмдық-ай.
Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің Кенен Әзірбаев атындағы №15 мектебінде болған бұл оқиға әлеуметтік желілерді ұлардай шулатты. Мәселе мынада: 6-сынып оқушысы Вагиф Кулиев мойнына бағалы бұйым тағып келген. Мұны көрген биология пәнінің мұғалімі Гүлзира Әбділдаева егер қымбат бұйымын жоғалтып алса, онда мектеп ұжымы жауап бермейтінін ескертеді. Ал оқушы «мұғалім ұрды» деп үйіне шағымданып барған. Істің байыбына бармаған ата-ана мұғалімнің кабинетіне іздеп келіп, соққыға жыққан. Мұғалімнің басы жарақаттанып, миы шайқалып, ауруханаға түседі. Араша түсуге ұмтылған екінші мұғалімнің қолы жарақаттанады.
Мектеп директоры Салтанат Бектұрғанованың айтуынша, оқу ісінің меңгерушісі болып істейтін Гүлзира – өте жақсы және тәжірибелі мұғалім, әрі әріптестерінің арасында беделді, сыйлы, отбасылы, екі баланың анасы. Табиғатынан ерсі мінезі, артық сөзі жоқ мұғалімнің басындағы бұл жағдайды мектеп ұжымы «бұл бір ғана мұғалімді ұру фактісі емес, бұны барлық мұғалімді соққыға жығу деп түсінген абзал. Мұны істеген ата-ана заң алдында жазалану керек деп отыр, әрі істің соңына дейін күресуге бел буған. «Қазақстан» ұлттық арнасының «Қарекет» хабарынан көрдік жәбірленген мұғалімді де, тілі мен жағына сүйенген баласын да, оның ұр да жық анасын да. Баласының сабақтан себепсіз қала беретінін, үлгірімінің нашарлығын, тіпті оқып-жазу тұрмақ әріп танымайтынын мұғалімдердің кінәсынан деп отыр анасы. «Мен баламды біреу тұрмақ өзім ұрмаймын» дейді екілене. Шыбық тимес шыңқ етер ата-анасы бұл жағдайдан «біздің ұлтымыз бөлек болғасын...» деп саяси астар іздеп қояды. Ал ендеше!
Базардағыдай жабайы төбелес төрге озғаны сол – мектептің кеңсесіне келсе, енді не болмақ? Осыдан кейін мұғалім болғысы келген талапты жастың жүрегі шайлығып қалмай ма?
«Сендер суицидті айта-айта, кісі өлімін көбейтіп алдық» деп ұрысып еді құқық қорғау органы басшыларының бірі журналистерге. Соңғы жиырма бес жылда «мұғалімнің жағдайы қиын, қиын...» деп тіпті қиындатып алған жоқпыз ба осы? Төрдегі басын табалдырыққа сүйреген тағы біз емес пе?
А.Сағида
23 ақпан 2018 ж. 1 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031