Өзің барда жоқ шер, мұң
«Еркіндігім, қасиеттім, қастерлім. Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң! Кеше сенің келбетіңді арман ғып, Боданына бұғауландық басқа елдің. Бабалардың басын тігіп бәйгеге, Аналардың жанарына жас бердің! Уа, Еркіндік, қош келдің!» деп ақын Қ.Сарин қалам тербеген егемендікке, жаңа тарихи кезеңге аяқ басқан азаттықтың ақ таңына биыл – 26 жыл! Әрбір қазақстандықтың жүрегіне қуаныш, шаңырағына береке мен бейбіт күнді сыйлаған күннің мәні мен маңызы зор.
Бұл күн қазақ еліне оңай келген жоқ. Оңай келмеген дүниені сақтау одан да қиынырақ. Қазақ – жеңімпаз халық! Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізді әлемге танытып, бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыру жолындамыз. Ендігі мақсат – біреу. Ол Елбасы атап көрсеткендей, ең дамыған 30 елдің қатарында заманға сай жаңғыру. Яғни, өткен тарихымызды жадымызда сақтап, ұлттық санамызды жаңғырту. Дін мен тілді, ұлттық салт-дәстүрді, мәдени құндылықтарды жаңғыртып, қазақ елінің мәңгі жасауына үлес қосу. Бұл – тағдырдың талай сынағына төтеп берген қазақ халқының болашағын баянды етуге жасаған қадамы. Халқымыздың «Іргесі берік елді жау ала алмас, аузы бір елді дау ала алмас» деген өнегелі сөзі бар. Қазақ елінің шаңырағы биік, керегесі кең болу үшін дәл осы күннің құны өлшеусіз, қаншалықты қымбат та қадірлі екенін есімізден бір сәт шығармау бізге сын. Біз, өскелең ұрпақ, тәуелсіздік атты даңғыл жолда дарабоз болуымыз қажет. Көк аспанда көк туымызды желбіретіп, жүрегімізде азаттық әуенін қалықтатқан тәуелсіздіктің ғұмыры мәңгі болғай деп тілеймін!

Жайдарлы ЕРЛАНҚЫЗЫ,
М.Мәметова атындағы гуманитарлық
колледжінің IV курс студенті