» » Дәстүрлер бар дәріптеуге тұрарлық

Дәстүрлер бар дәріптеуге тұрарлық


         "Алты жастағы бала келсе, алпыстағы қария иіліп сәлем береді" деп қазақ бекер айтпаса керек. Осылайша саулық сұрасқаннан кейін сөз төркіні «әпшу бершіге» ұласады. Жалпы, қазақтың қай салт-дәстүрін, ырым-тыйымын алсаңыз да, астарында үлкен тәрбиелік мән бар. Алайда бүгінгінің балалары бұл сөзге үрке қарайды, әсіресе қала баласы. Дегенмен бұл сөздің түп төркіні қайдан шыққан саралап көрейік.
         Дана халқымыз ештеңені еріккеннен ермек қылмайды. Оның мәнісі бар. Мәселен «әпшу берші» деп әлі сүндеттелмеген 1 мен 4 жас аралығындағы баладан сұрайды. Өйткені мұндай жастағы балалар әлі сүндеттелмегендіктен, кіші дәретке отырған сайын шүмегінің ұшында, яғни, кесіліп тасталуы тиіс артық еттің арасында зәр қалады. Ол зәр тазаланып тұрмаса, инфекциялық ауруға шалдығуы мүмкін.  Осындай дерттің алдын алу үшін «әпшу берші» деп баланың шүмегіндегі зәрден тазартып отырған. Осылайша инфекцияның алдын алуға болады. Сонымен қатар зәр іш киімге тиіп, былғамас үшін тазалап отырған. Бұл бір жағынан гигиеналық тазалықты сақтаудың бір тәсілі болса, екіншіден, баланы сүндеттегенше шүмектің басын уқалап, тартып, сүндеттеу рәсіміне дайындаған.

          «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деп жатамыз. Дегенмен дәстүрдің тозығынан арылып, озығына ұмтылу рухани жаңғыру тұсында керек-ақ. Ал бұл тұрғыда шетелдік ғалымдар не дейді? Мәселен ВИЧ инфекциясының таралу жолын жіті зерттеген австралиялық ғалымдар «сүндеттеу» – СПИД ауруына қарсы күресудің және алдын алудың тиімді тәсілі» деген қорытындыға келіпті.  Ер адамның жыныс мүшесіндегі артық ет – дертке тез шалдығатын және түрлі зиянды вирустар үйірсек келетін бөлік екенін дәлелдеген. Мұны статистикалық мәліметтер де растайды. Соңғы зерттеу нәтижесі бойынша СПИД ауруын жұқтырғандардың басым көпшілігі сүндеттелмеген ерлер екені анықталған. Сондықтан АҚШ-тың бірнеше штатында сүндеттеу операциясын жасайтын орталықтар көптеп ашылуда. Мұны өзі қазақ халқының көреген екенін айғақтайды. Әлі де астарында тәрбиелік мән жатқан талай ырым мен тыйымдарымыз қаншама. Дегенмен үш мың жылдық тарихы бар қазақтың салт-дәстүрі мен мәдениеті кейінгі ұрпаққа, бүгінгі кезеңге өзгеріп отыр. "Әпшу сұрағынның" бәрі бірдей бұл үрдістің маңызын түсінбейді. Өйткені бұл үрдіс күннен-күнге маңызын жойып барады. Дамыған елдер мұның сырын аштық деп жарияға жар салса, біздің қазақ  білгенінен жаңылуда.
21 желтоқсан 2017 ж. 1 376 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031