Ұшықтау


Қазақта ескіден келе жатқан емдеу түрі – ұшықтау. Бұл емді халқымыз біреу ұшынып қалғанда, асқазаны тамақты дұрыс қорытпай қалғанда, қорқып қалған жағдайда қолданған. Негізінен, салқын суды науқастың денесіне немесе бетіне бүрку, шашу арқылы жасайды. Сонда дене тітіркеніп, науқастың беті бері қарайды. Демек, салқын су арқылы дене тітіркенгенде қан айналымы қайтадан жақсарып, жүйке жүйесінің жұмысы қайта қалпына келе бастайды.
Ал баланы ұшықтау – аластап емдеудің бір түрі іспетті. Көнекөз қариялардың айтуынша, көз тиіп не суық тиіп, астан ұшынып ауырған баланы, ұшықтап емдеудің бірнеше түрі бар. Балаға көз тию де екі түрлі деседі. Егер ер адамның көзі тисе, баланың денесі суып, өзінен-өзі мазасызданып, кіші дәретке жиі-жиі отырады, қолға тұрмай шалқалап жылайды. Егер әйел адамның көзі тисе, керісінше, баланың денесі қызып, шырқырап жылап, тәбеті нашарлап, мүлдем ембей қояды. Мұндай жағдайда әжелер тезірек ұшықтауға кіріседі.
Бала астан ұшынып, тәбеті болмай ауырса, әжесі баланы «сәрсенбінің сәтті күні, сәтін бере гөр» деп баланы таңертең ерте киіндіріп алып шығып, көк шөптің үстінде жүргізеді. Біраз жүргізген соң жерге домалата аунатады. «Алла өзің шипа бере гөр, пірім бибі Бәтима» деп тәу ете жүріп, ұшықтауды бірнеше рет қайталайды. Ұшықтап болған соң баланың үстіне жеті киім жауып жатқызады. Бала біраздан кейін өзі-ақ қарнының ашқанын білдіреді.
Абайсызда құлаған баланы шошынудан, пәле жабысудан сақтау үшін баланың құлаған жеріне алақанын тигізіп, сонан соң «ұшық, ұшық, тәңірім, бәледен сақтай гөр, көзге көрінер-көрінбес пәледен сақтай гөр» деп алақанын баланың ауырсынған жеріне тигізеді. Осылай үш рет қайталайды.
Алайда осы ұшықтау кезінде шипаны бір Алладан сұраған жөн.
21 желтоқсан 2017 ж. 7 015 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031