» » «АРАЛ-7» немесе ЖҰМБАҚ ҚАЛА ҚҰПИЯСЫ

«АРАЛ-7» немесе ЖҰМБАҚ ҚАЛА ҚҰПИЯСЫ


Арал теңізінің нақ ортасында жұмбақ қала орналасқан. Бірі «Арал 7», енді бірі − «Әруақтар қалашығы» деп атаса көпшілік, «Возрождение» аралы десе бірден біледі. Уақытында КСРО Қорғаныс министрлігі сынақ аймағын салу үшін айналасында ел жоқ деп осы жерді таңдапты. Мұнда әртүрлі биологиялық элементтерді сынақтан өткізіп, оны Ресейдің Степногорскідегі биопрепарат орталығында талдап, дайындап отырған. Әскери мақсаттағы биологиялық қаруларда осы «Возрождение» аралында құпия дайындалған.
Бактериялық аэрозалдан атмосфераға жайылу ауқымын зерттеу бағытында сынақтар аралдың үстіндегі ауа қабатына да жүргізілген. Кейбір деректерде, Арал теңізі мен аудан елді мекендерінің төбесінде сегіз мәрте жарылыс болған деп жазылған. Аса құпия бұл нысанды Мәскеу қауіпсіздік комитетінің арнайы мамандары күзеткен. «Возрождение» аралы әлемнің ешбір географиялық немесе саяси картасынан орын алмаған, Байқоңыр қаласынан небәрі 200 шақырым жердегі Арал теңізінің Оңтүстік-Шығысында орналасқан. 1949 жылы «Возрождение» аралында әскери-жүк ұшақтар еркін ұшып-қону алаңы салынып, одан бірнеше шақырым қашықтықта «Қантүбек» деген картада жоқ құпия көп қабатты үйлері бар қалашық бой көтерген. Онда ғылыми қызметкерлер мен химиялық әскери бөлімнің жеке құрамы орналасқан. Елді мекеннің ортасында әскери бөлімнің штабы орын тепкен. Ал қалашықтың ең шеткі аймағында арнайы әскери автомобиль техникалық паркі орналасқан көрінеді. Бұл Ұлы Отан соғысынан кейінгі қуатты КСРО-ның химиялық және бактериологиялық қару жасауға кіріскен алғашқы қадамдары болатын.
«Возрождение» аралы — Кеңес Одағының ең құпия әскери нысаны едi. Ондағы әскери полигондарда 1980 жылдардың аяғына дейiн бiрнеше кодты атаулары бар биологиялық қару мен жабдықтар сыналып келген. Әскери мамандардың айтуынша, сынақтар «Аральск-7», «Бархан» және «ПНИЛ-52» сынды ғылыми-зерттеу зертханаларында iске асқан. Бұрын Арал теңiзiнiң алып айдынында 300-ден астам арал болса, қазiргi кезде олардың арасындағы ең iрiлерi Барсакелмес пен Көкаралдың өзi түбекке айналып барады. Ал Комсомол, Шұғыла, Константин, Лазарев аралдары бiрiгiп, «Возрождение» деген ортақ атқа ие. «Возрождение» − биологиялық қаруды сынау алаңы және әскери қалашық болып екiге бөлiнген. Қалашықта казарма, тұрғын үйлер, бастауыш мектеп, балабақша, асхана мен қоймалар және электр стансасы болған. Ал Аралдың оңтүстiгiндегi сынақ алаңында биологиялық қарудың аэрозол компоненттерi, модельдiң тарауын, оларды табу тәсiлдерi және биологиялық құралдары бар шағын колибрлi аэрозол бомбаларын ваккумда сынау жұмыстары жүргiзiлдi. Осылайша қырық жыл бойы түрлi аурулар арқылы жаппай қырып-жою тәжiрибесi жүрiп жатты.
АҚШ НЕГЕ АЛАҢДАДЫ?
АҚШ-тың орталық барлау басқармасы көпке дейін мұнда биологиялық қарулардың сынақтан өтіп жатқанынан хабарсыз болып келген. Олар Кеңес Одағында сынақ жұмыстарының жүргізіліп жатқанын білгенімен, нақтылы қай жерде екенін дөп басып айта алмаған. Зеңгір көкте жасын ойнатқан бір жарылыс 1956 жылғы екінші ақпан күні тіркеліпті. «Возрождение» аралының ашық аспанының астында жүзеге асырылған келесі ядролық−биологиялық жарылыс 1961 жылдың күзінде орындалды. Әуелі қыркүйекте 50 шақырым биіктікке қуаты 11,40 тонналық екі атмосфералық жарылыс жоғары ауа қабатын қамтыған. Олар аспанда 150-220 шақырым биіктікте жалын шашқан.
  Ал 1988 жылдың көктемiнде АҚШ «Возрождениеге» қатысты дау шығарды. Америкалықтар ондағы мамандардың сiбiр жарасының ажал шашатын жауынгерлiк агентi - «Антракс» деп аталатын түрiне талдау жасап жатыр деген мәлiмет түскен. Антракс − өте ежелгi микроорганизм, әрi аса қауiптi биологиялық қару болып саналады. Ол қатерлi ауруды тез арада айналаға таратып, қоршаған ортаның күлпаршасын шығарады. Бұл шуды басу үшiн КСРО жағы тонналап жиналып қалған антраксты тез құртудың жолдарын қарастырды. Олар антраксты тот баспайтын болаттан жасалған арнайы ыдыстарға салып, үстiне хлорлы әктi төгiп, ауыр жүктi 24 вагонға тиеп, Орал бойынан Арал қаласына дейiн жеткiзедi. Содан берi антракс «Возрождение» аралында сақталуда деген сыбыс бар. Ең сұмдығы − ғасырлар бойы бактериялардың сол күйiнде сақтала беретiндiгi. АҚШ-тың «Нью-Йорк Таймс» газетiнiң деректерiне қарағанда, 1992 жылға дейiн АҚШ Кеңес Одағының Орталық Азияда iрi көлемде антракс жасап келгенiн бiлмеген.
Аймақты зерттеуге барған журналистер көп. Солардың бірі −Қазақстан тілшісі және блогер Григорий Беденко. Оның айтуынша, полигонда үлкен қазандық орналасқан. Зерттеу кешеніне жабдықтарды залалсыздандыру үшін көп бу керек болған және өздері ішетін суларды арнайы баржалармен кіргізген. Арал суын тұтынбағаны байқалады. Зерттеу аумағы жарым-жартылай бұзылған. Тұтастай тікенек сымдармен қоршалған аймақта бас зертхана ғимараты бар. Ол үш қабаттан тұрады. Дәл осы жерде биологиялық қарумен байланысты ең негізгі және ең қауіпті эксперименттер өткізілген. Ресми мәліметтер жоқ болған соң, қалашықты аралау қорқынышты. Полигонға жол үлкен жылқы фермасы бар Құланды түбегінен басталады. Бұл жерде сонымен бірге түйелер де өсірілген. Жабық қала эксперименттердің негізгі түрлерін жылқыларда жүргізген және полигонға жылқыларды Құланды жылқы фермасы арқылы алдырып отырған. Аралда әскерилерге қажетті жүктер мен ішетін су таситын кемелерге арналған үлкен кемежай бар. Негізінде, полигонның тарихы Иван Великанов есімді танымал орыс бактериологымен байланысты. Ол 1930 жылдары Аралда экспедицияда болған кезде, бубон обасына зерттеген. Артынша жапон басқыншылары Қытайда адамдармен жабайы эксперименттер жасап айналысқан. Ал профессор Великанов 1937 жылы тұтқынға алынған және зерттеу жұмысы соғысқа дейін тоқтатылған.
Ал «Труд» газетінің тілшісі Валерий Бирюков былай дейді: «Адамдар үйлеріндегі барлық жиһаздарын тіпті теледидар, мұздатқыштарын да тастап кеткен. Екі автопарк қозғалыстан қалған. Мұнда су жаңа «ЗИЛ» жүк машиналары, «Кировск» тракторлары және басқа да тракторлармен бірге шеберханалар, қосалқы бөлшектер қоймасы да сол күйінде тұр екен. Лабороториялық корпус пен оған жақын орналасқан барактар да құпия сақталған. Биология жөнінде бай кітапхана және орасан зор арнайы ыдыс-аяқ пен түрлі шыны сыйымдылықтар қоймасы сақталған. Жер асты бөлмелерінің темір есіктері күйдіріліп пісірілген, ол осы күнге дейін ашылмаған екен. Түрлі көлемдегі сейфтер жан-жаққа лақтырылып тасталған».  Одан бірнеше щақырым жердегі Үстіртте тағы бір полигонның орналасқанын жазады. 1992 жылы күзде ол әріптестерімен сол құпия нысандарда, яғни, ешкім тұрмайтын көп қабатты үйлерді көргенін айтады. «Поселкіден бірнеше шақырым жерде лабораториялық ғимарат салынған. Айналасында бірнеше кепе түріндегі үйлер бар екен. Жанында полигон және қуатты электростанция тұрғызылған. Дәл осы жерде «химиялық бөлімнің көлеңкесінде» өте қорқынышты биологиялық қаруды өндіру және сынау нысандары жүргізілген. Аралды үзіліссіз әскери қайықтар күзеткен, ал жағалауда патрульдер жүрген».
Әзiрге бұл аймақта Мазғұт Әкiмбаев атындағы Қазақ карантиндiк және зондық ғылыми орталығының директоры Бақыт Атшабаров бастаған ғылыми топ зерттеп, қауiптi аймақтарды анықтап, белгiлегенi жайында да нақты ақпарат жоқ. 1997 жылы АҚШ-тан келген зерттеушiлер осы аймақты зерттеп, бiрнеше «тiрi» бактерияларды тапқанын айтқаны бар. АҚШ зерттеушiлерi әлi де бұл аймақта қауiптi дерт ошақтарын зерттеу үстiнде.  Бүгінгі таңда биологиялық сынақ полигоны орналасқан «Возрождение» аралын сауықтыру мәселесі маңызды мәселе болып отыр. Арал аймағын рекультивация жасауға қаражат қолбайлау болып тұр. Теңіздің тартылу процесі ұлғайып бара жатуына байланысты онда сақталған патогендік құбылыстардың таралу қаупі де үрей туғызады.
Аралдың эпидемиялық ахуалын және оны қоршаған ортаны қалыпқа келтіру жөніндегі жұмыстарды Қазақстан, Өзбекстан және АҚШ мемлекеттері арасындағы үш жақты уағдаластық шеңберінде жүргізу шаралары қолға алынған. Өзбекстан және АҚШ арасында «Қатерді бірлесіп азайту» бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бағдарлама аясында Степногордағы «Биомедпрепарат» ААҚ нысанындағы биологиялық қару-жарақ өндірісіне арналған инфрақұрылым мен жабдықтарды қайта бұзу жөнінде келісім бар.
МИКРОБИОЛОГ НЕНІ ЗЕРТТЕДІ?
Қанатжан Әлібеков Кен Әлібек ретінде белгілі. Танымал микробиологтың өмірі аңыз секілді. 1975 жылдан бастап степногорс қаласында орналасқан КСРО Министрлігінің «Биопрепарата» әскери-биотехникалық кешенінде биологиялық қаруды өңдеп сынау бойынша жұмыс істеген. 1988-жылдан бастап 1992-жылға дейін «Биопрепара» мекемесінің басшының бірінші орынбасары қызметін атқарған. Биологиялық қарулармен биоқорғау бойынша өңдеудің жетекшісі болған. Иммунология, биотехнология, биохимиялық синтез салаларының, сонымен бірге күшті және жұқпалы аурулардың маманы. Кеңес әскерінің отставкадағы полковнигі болған. 1992 жылдың басында Кең Әлібек әскери-биологиялық өңдеулерін жалғастыруға келіспей басқарудан кеткен, сол жылда да Biohazard ( серіктес авторы – Солтүстік Америкада өте танымал тілші Стивен Хендельман) атауымен кітап шығарған. Кітап көп тілдерде жарық көрген, ал Biohazard Ресей баспасында 2003 жылы «Абайла! Биологиялық қару!» деген атаумен шығарылған. АҚШ-та және Еуропада оны биологиялық қару жарысын тоқтатқан адам деп ең көрнекті адамдардың қатарына жатқызады. ВВС есебімен 2000 жылдан бастап 2006 жылға дейін ол көрнекті тарихи тұлғалардың тізімінде болған. Ал кейбір деректе КСРО-ның биологиялық соғысқа дайындығын жария еткен сатқын деп есептегені айтылады. Микроорганизимдерді соғыста қолдаудың белсенді қарсылық білдіргендердің бірі.
Ғалым 2010 жылы Қазақстанның астанасы Астанаға көшті. Қазіргі уақытта «Назарбаев университетінің» Ғылым және технологиясының мектебінде химиямен биология кафедрасын басқарады, сонымен бірге ол жерде желіге қарсы қолданылатын және өмірді ұзартатын дәрілерді өңдеуімен айналысады, тағы да Мемлекеттік ғылыми жедел медицина көмегі орталықтың басқару төрағасы болады. АҚШ азаматтығын сақтай алды.
Блогер Григорий Беденко АҚШ-та Қанатжан Байзақұлынан сұхбат алады. Әйгілі микробиолог «Возраждение» аралы туралы, Кеңес Одағы биологиялық қару жасау бойынша әлемде ең күшті бағдарламаға ие болғанын сөз етеді. «Бұл мақтанарлық нәрсе деп ойламаймын, бірақ елдің ірі күшті биологиялық қаруды өңдеу технологиясын жасай алатын ғалымдары болған. Оның бірінші үлгілері 30-шы жылдардың соңында сыналған. Сол үшін алыстағы Арал теңізінің адамы жоқ Өркендеу аралы таңдалған. Бұл жерде туляремия, сапа, оба, қараталақ негізінде биологиялық қарудың бірінші үлгілері сынаудан өткен. Өркендеу Аралы бірнеше ондаған жылдар кеңестің биологиялық қару бағдарламаның негізгі полигоны болған.  Ал ол қару қазіргі Қазақстанның астанасына соншалықты алыста орналаспаған, Степногорск қаласында өндірілген. Ұйым «Биопрепарат» деп аталған. 1983- жылдан 1987-жылға дейін мен сол кешеннің директоры болғанмын. Менің мақсатым − қараталақ негізінде қарудың жаңа нұсқасын өңдеу болған. Ол 1987 жылда бітті. Бұл мақсатқа тек Ресейдің қорғаныс министрлігі қызығушылық танытатын», − дейді ол.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2007 жылы «Қазақстанды бактериологиялық (биологиялық) және токсинді қаруларды жобалау, өндіру және жинауға тыйым салу және оларды жою жөніндегі конвенцияға біріктіру туралы» заңға қол қойды. Конвенция жаппай әрі толыққанды қарусыздану жолында тиімді ілгерілеушілікке қол жеткізу мақсатын көздейді. Онда халықты жаппай қырып-жоюға бағытталған барлық қару түрлеріне тыйым салу және жою, бактериологиялық (биологиялық) және химиялық қару түрлерін жобалау, жасау және жинауға тыйым салу және оларды жою көзделген, - делінген мәжілістің халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің қорытындысында. 
1992 жылдан бастап, аралда тіршілік иесі қалмаған. Содан бері бұл жерге кім келіп, кім кетіп жатыр. Ол белгісіз. Кеңес Одағы тараған соң «Возрождение» өмір сүруін тоқтатып, оның құпиясын ресейліктер өздерімен бірге ала кеткен. Негізінен «Возрождение» аралының орналасуын шекара сызығы тұрғысынан қарастырсақ, оның басым бөлігі Өзбекстанның территориясына тиесілі. Сондықтан әскери бөлімдер кеткен соң бұл аралға өзбек ағайындар қожайындық еткен.
Қаракөз ҚЫПШАҚ
21 желтоқсан 2017 ж. 1 987 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031