» » Селфи-шырша пайда болды

Селфи-шырша пайда болды


- Астананың орталығында селфи-шырша пайда болды. Бұл туралы елорданың Сарыарқа ауданының әкімі Арман Тұрлыбек хабарлады. «Құрметті достар! Біз жылдың ең ғажайып мерекесін қарсы алғалы отырмыз. Бұл күні балалар түгіл үлкендер де ғажайыпқа сенеді. Осы мереке қарсаңында Медиа селфи-шырша пайда болды. Оның көмегімен әр адам әлемнің кез келген жерінен қазақстандықтарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай алады. Туған-туысқандарына, достарына құттықтау жолдауына мүмкіндік алады. Осыдан соң мереке бұрынғыдан да қызығырақ бола түседі» делінген әкімнің Инстаграмдағы парақшасында жарияланған хабарламада. Оның айтуынша, бұл үшін selfi.kz сайтына құттықтау мәтінін жазып, өзінің суретін жүктеу керек. Осыдан соң адамдар ең көп жүретін жердің бірі - қалалық алаңда орналасқан Селфи шыршаға құттықтау мәтіні шығып тұрады.
27 желтоқсан 2017 ж. 969 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930