» » Біреу тойып секіреді

Біреу тойып секіреді

Оймақтай ой

   Тұсаукесер –  бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. Ел арасында «тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді, жығылады» деген наным бар. Кезінде ата-бабамыз көк шөппен де, тоқ ішекпен де тұсау кескен. Тоқ ішек баланың іші-сырты майлы болсын, тоқ болсын деген мағына берсе, көк шөп туған жерінде көктесін деген мағынаны білдіреді екен. Қазір баланың аяғына ала жіп байлайды. Оның мағынасы –  өмірдің ақ пен қарадан тұратынын түсіндіру. Күрмеуін кесу бала болашақта ақ пен қараның қатар тұру заңдылығы кезінде құламасын, шалынбасын дегенді білдіреді. Жауапкершілігі жоғары аманатты кімге табыстайтының алдын-ала ақылдасып, үлкен кісілер шешеді. Ал қазір қалай?

Әнші, биші, жалпы, атақты жұлдызға қатысты әңгіме бірден гу ете қалады ғой. Мәселен, белгілі әнші Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның қызы Аяланың тұсаукесер рәсімі "хит" болды. Дүркіреп өткен тойда не ішемін, не жеймін демейсіз. Ерекшелігі, 1 жасар Аяла тұсау кесетін адамды өзі таңдады. Осылайша мәртебе радио-тележүргізуші Гүлбаршын Заироваға бұйырды. Кештің жаңалық стилінде басталғаны телеарна деңгейінде түсірілгені анық. Дүниеге келмей жатып, кіндік шешені де өзі таңдады. Дегенмен бір жасар бүлдіршінге таңдау еркін беру әбестік көрінеді маған. Сізге ше?

Қазірден баланың қалауына ерік бердік, болашағы қалай болмақ? Жағдайы төмен, толық емес отбасы күнін әрең көріп жүр. Тіпті баланың қалауын орындаймын деп емес, оны қатардан қалдырмай оқыту мұң боп барады. Той жасап жарысатындар енді қандай жаңалық ойлап табады екен?

Мөлдір САБЫРЖАН
31 мамыр 2018 ж. 1 414 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031