» » Мейрамбек Беспаев Төреғалидің әрекетіне қатысты алғаш рет пікір білдірді

Мейрамбек Беспаев Төреғалидің әрекетіне қатысты алғаш рет пікір білдірді


Елімізге белгілі әнші Мейрамбек Беспаевтың пікірінше қазір басына қонған бақты көтере алмайтын жастарымыз баршылық екен. Сондай-ақ әнші оларды адам емес, тек Алланың ғана сабасына түсіре алатынын айтты деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына берген сұқбатында.

Сондай-ақ Бесбаев алғаш рет Төреғалидің әрекетіне қатысты өз пікірін айтты.
“Қанша талантты болсын, қандай аспандағы жұлдыз болсын барлығы адамгершілікке, тәрбиеге келіп тіреледі. Кенен атам: “Жаманнан жақсы туса да, жақсыдан жаман туса да, түбі тартпай қоймас негізге”, – дейді. Түбі қалпы дұрыс болмаса, ол бәрібір бір жерден шығып тұрады.Қазіргі жастарға тәрбие, тәртіптің жетіспеушілігінен шығар деп ойлаймын. Оның үстіне, бақты көтере алатын, көтере алмайтын жандар бар. Аяқ астынан бағы жанып кеткен кезде адам өзі түсінбей қалуы мүмкін. Планетаға сыймай кетіп жатқан жастарды көріп жүрміз, өкінішке қарай. Бірақ бәрібір оны Алла Тағала тәубесіне келтіреді. Оны адам баласы, туған-туысы келтіре алмайды. Қалай құйылды, солай кетеді. Айт-айтпа бәрібір екен, Алла өзі ретке келтіреді”, – деді әнші.
13 ақпан 2018 ж. 3 482 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031