Еркектің бағасы
Киім және келбет

Италияның Денсаулық сақтау министрі Ферруччо Фацио мемлекеттік қызметкердің галстугі ешқашан жуылмайтындықтан, зиянды микроб таратушы деп есептеген. Осылайша Италияның денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлер галстук тақпайды. Ал Жапонияда «Жұмысқа – галстуксіз» жалпы ұлттық үрдісі басталған. Америкалық зерттеушілер галстукті ұзақ уақыт және қатты етіп байлау түбі көзден қалуға алып келеді деп тұжырымдаған. Көздің нашарлауы мойын күретамыры мен майда тамырлардың қысылуынан туады. Оның міндетті түрде көз тамырларына әсер ететіні анық.
Жалпы галстук деген сөздің өзі орыс тіліне неміс тілінен еніпті. Halstuch «мойын орамал» деген ұғымды білдіреді. Бірақ оның төркіні француздың cravate деген сөзінде жатыр. Ілкі замандағы жорықтар кезінде француздарға хорват салт аттыларының мойындарына орамал байлап келгені қатты ұнапты. Бұлар: «Бұл не өзі? деп сұраса, олар «кім екенімізді білгісі кеп тұр» деп ойлап қалып, «хорват» деп жауап беріпті. Содан галстуктің әдепкі аты француз тілінде «хорват» аталған. Тіпті, осыдан кейін бұл ұғым Еуропаның бірқатар тілдеріне көшкен. Мысалы, немісше krawatte, испанша corbata, украин тілінде краватка, румынша cravat делінеді.
Галстукті француздың ұлы жазушысы Оноре де Бальзак қатты қадірлеген. Ол «Галстук тағу өнері» деген кітап жазып, мойынбаудың эстетикалық қажеттіліктерін егжей-тегжейлі баяндаған. Оны айтасың, «Мужчина стоит того же, что и его галстук – это он сам, им он прикрывает свою сущность, в нем проявляется его дух» деп аталы сөз қалдырыпты. Зерттеушілердің айтуынша, қазір галстук байлаудың кемінде 85 түрі бар екен. Ең танымал галсук «Кент», «Кельвин», Пратт», «Қасиетті Андрей», «Манхэттен», «Плацбург», «Диоганаль», «Кавендиш», «Балтус, «Аскот», «Висмара» болып табылады. Оноре де Бальзак: «Еркектің бағасы галстуктің құнындай ғана. Ер адам галстукпен өзінің болмысын бүркемелеп тұрады» деген екен.
Түйін: 2016 жылы аймақ басшысы жастармен еркін кездесу өткізді. Онда жастарды толғандырған мәселелер талқыланып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды. Үш сағатқа созылған кездесуге облыс әкімі галстуксіз келді. Бұл іскер азаматтың бір сәтке болса да билік айтуға емес, жастармен тең отырып, қатар-құрбыдай сөйлесуге, сырласуға келгенін аңғартады. Галстукпен келген кейбір атқамінерлер аймақ басшысынан үлгі алып, жаппай галстуктерін шешті. Қ.Көшербаевтың іс-әрекеті жігіттерге үлгі болса нұр үстіне нұр болар еді. Себебі екінің бірі қажет болса да, болмаса да галстукпен жүретінді шығарды.
Мөлдір САБЫРЖАН