Есірткі сатқан мұғалім ұсталды

БҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Андрей Хлевиннің айтуынша, ұстаздан 5,04 грамм марихуанна тәркіленген.
«23 наурызда №3 орта мектепте жұмыс істейтін дене шынықтыру пәнінен (есірткі – автор) сатып алдық. Операция барысында 5,04 грамм марихуанна сатып алынды. Ол өз үйінде ұсталды», - деді Андрей Хлевин.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297 бабының 1 тармағы «Есірткі заттарын сақтау және сату» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, қалалық білім басқармасы мұғалімнің ұсталғанын растағанымен, аталған оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.