» » Болашақты тапсырыспен болжау

Болашақты тапсырыспен болжау

    Австралияның Канберра қаласында тұратын көріпкел Джо Телеман ерекше қасиетке ие. Ол болашаққа болжамды тапсырыс бойынша жасайды.
    Джоның ерекшелігі, ол әлі болмаған қылмыстық оқиғалардың әрбір бүге-шігесіне дейін алдын ала айтып, қылмыскерлердің сыртқы түр-тұлғасын, қылмыс жасалатын қару мен оқиға орнын дәлме-дәл сипаттап бере алады. Оның айтқандары компьютерге теріліп, қағазға басып шығарылады да, желімхатқа салынып, сейфке бекітіліп қояды. Бұл желімхат көріпкел айтқан уақытта шығарылып, ізкесушілердің қолына тапсырылады. Олар ондағы жазылғандармен мұқият танысып, Телеманның қатысуымен шұғыл іздестіру шараларын жүргізеді. Қылмыс­кер­лер әдетте оқиға орнынан ізін суытып үлгермей жатып ұсталады. Джоның өз болжамдарында қателесуі өте сирек кездеседі, тек болмашы нәрселерде ғана мүлт кетуі мүмкін. Бірақ бұл қателік негізгі міндетті орындауға титтей де залал келтірмейді.
    Canberra Daily газетінің репортері Макс Лоренске берген сұқбатында ол болашақты көру қабілеті мен осы азабы көп жұмысының зардабы туралы былай деп әңгімелейді:
– Жиырма бес жасыма дейін мен қыдырымпаз, ұр да жық біреу болдым. Кез-келген адамды жағасынан ала түсіп, соғып тастау, әр қызбен бір жүріп, тастап кету мен үшін түк емес еді. Оқуға да құлқым болмады. Сондықтан кемелерді жөндеу орнына жұмысшы болып орналастым. Кемеге жалданып, трюмға ауыр қаптар мен жәшіктерді де түсіретінмін. Кейде көбірек ақша табу үшін биік крандардың құрылғыларын сырлаумен де айналыстым. Бұл үшін жақсы ақша төлейтін. Біраз қаражат жинап, өзіме көлік сатып алдым. Оған қыздарды отырғызып алып, есіріп, желмен жарысып жүйткитінмін. Менің соңғы рет көлікке отырып, «желмен жарысуым» аяғымнан айырылып, мүгедектер арбасына таңылуыммен аяқталды. Бұл жолы комада жатқанымда анамның өзін көре алмадым, тек дауысын естідім. Ол менен: «Енді есіңді жидың ба?»  –  деп сұрады. Мен: «Иә»,  –  дедім де, көзімді аштым…
Менің бар назарым енді қылмыскерге ауды. Мен олар қайда барса да, не істесе де көзіммен шығарып салып отырамын. Мен өзімді бақылау құралымен салыстырар едім. Бірақ, телекамерадан бір айырмашылығым, иіс сезе аламын, қылмыскердің ойын оқып, ненің қайда болып жатқанын тап басып біле аламын. Мен көріп отырған оқиғалар дәл қазір емес, болашақта болып жатады. Осыған қарап, мен біздің әлемде барлығы алдын ала жасалып қойған бағдарламаға тәуелді ме деген ойға қаламын. Мен осы бағдарламаға жіпсіз байланғанмын. Мен – осы бағдарламаның құлымын. Оны өзгерту менің қолымнан келмейді…» деген.
19 шілде 2018 ж. 966 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031