» » Зейнеткер Курчатовтан Павлодарға дейін Ертіс өзені арқылы жүзіп өтпек

Зейнеткер Курчатовтан Павлодарға дейін Ертіс өзені арқылы жүзіп өтпек

Ертіс өзені арқылы жүзіп өтетін топ Павлодардан Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласына жолға шықты. Аталмыш экспедиция Ертіс Думаны мерекесі аясында жүзеге асуда.
«7 күнге созылатын бұл шара 22 шілде күні басталды. Экипаждың бір бөлігі Май ауданының Көктөбе ауылында ауысады. Қатысушылар өзенді төрт ескекті жеңіл қайықпен және «ПавГео» қоғамдық бірлестігінің «Колибри» қайығымен жүзіп өтеді. Экипаждың құрамына Астана, Павлодар, Екібастұз, Новосібір қалалары мен Май, Успен аудандары және Ақсу ауылдық аймағынан барлығы 21 адам енді», - дейді Павлодар География үйінің директоры Александр Вервекин.
Жүзу қашықтығы 281 шақырымды құрайды. Екібастұз қаласының 66 жастағы тұрғыны, танымал велотурист Анатолий Пырлик – ең жасы үлкен қатысушы. Дегенмен ол өте тәжірибелі спортшы. Екі жыл ішінде бес вело-экспедицияға шыққан. Мәселен, Анатолий Филиппович мұз үстінде Байқалға дейін, Қ. Сәтбаев каналы арқылы Қарағандыдан Ақсуға дейін жүріп өтеді. Экипажды 28 шілде күні Павлодар қаласының төменгі жағалауында қарсы алып, сол күні Ертіс Думаны мерекеленеді. Айта кетейік, бұл экспедицияны павлодарлық «Жасыл ел» облыстық штабы мен География үйі жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқарманың қолдауымен өткізуде.
24 шілде 2018 ж. 745 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930