» » Қарағандылық жеңіл атлеттер Азияның рекордын жаңартты

Қарағандылық жеңіл атлеттер Азияның рекордын жаңартты

Жеңіл атлетикадан Өскеменде өтіп Қазақстан чемпионатында қарағандылық спортшылар Азияның рекордын жаңартты. Өскеменде өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында Қарағандының эстафета құрамасы Азияның үздік нәтижесін тіркеді. «Николай Барсановтан тәлім алатын Виталий Земс, Владислав Григорьев, Вячеслав Земс, Давид Ефремов 4х200 метрлік эстафетаға жүгірген болатын. Бұл төрттік аталған қашықтықты 1:26:70 минутта жүгіріп өтті. Сөйтіп, Азияның үздік көрсеткішін орнатты. Бұған дейінгі рекорд Жапония құрамасына тиесілі еді. Олар 1991 жылы 200 метрді 1:27.04 минутта кесіп өткен. Қарағандылық атлеттердің осы нәтижесін ҚР Жеңіл атлетика федерациясы Азия жеңіл қауымдастығына жіберетін болады», - деп жазылған ақпарат көзінде. Айта кететін жайт, Қазақстан кубогымен салыстырғанда чемпионатта ерлер арасындағы эстафетада қатысушылар саны артқан. Кубокта бар-жоғы 2 құрама өнер көрсетсе, бұл жолы медаль үшін 8 команда таласты. Ол кезде Павлодар спортшылары топ жарған еді, осы жолы керекуліктер екінші орынмен шектелді. Үздік үштікті Ақмола облысының эстафеташылары қорытындылады. Әйелдерден екі команда жарыс жолына шықты. Александра Залюбовская, Роксана Оспанова, Вероника Брославская, Валентина Степанковская бастаған Павлодар құрамасы Шығыс Қазақстан қыздарынан жылдам болып шықты. 15 қаңтар, Өскемен. Жабық кешендегі Қазақстан чемпионаты. 4х200 метрлік эстафета, ерлер: 1.     Қарағанды обл. - 1.26,70 мин. 2.     Павлодар обл. - 1.28,94 мин. 3.     Ақмола обл. - 1.30,21 мин. 4х200 метрлік эстафета, әйелдер: 1.     Павлодар обл. - 1.44,58 мин. 2.     ШҚО. - 1.47,44 мин. 

17 қаңтар 2018 ж. 878 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031