» » 1000-нан астам футбол әуесқойлары Денис Тенді еске алды

1000-нан астам футбол әуесқойлары Денис Тенді еске алды

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында өтетін футболдан аула командалары арасындағы лига Денис Тенді еске алумен басталды.
Жарыс «Мaxi чай» өндіретін Galanz bottlers компаниясының қолдауымен Нархоз университеті стадионында футзалдан Қазақстанның студенттер құрамасының қатысуымен өткізілді. Олар 19-26 тамыз күндері аралығында өтетін футзалдан әлем чемпионатына дайындалуда.
Ұлттық құрама ойыншылары аула лигасының алдынғы турнирінде жеңіске жеткен Олимп командасымен жолықты. Қызықты ойынды көптеген аула лигасының қатысушылары тамашалап, олар Олимпқа қолдау көрсетті. Алайда, футзалшылар оларды 4:1 есебімен ұтты.
- Турнир өте қызықты. Барлығы да жақсы ойнайды екен. Балалық шағымызды еске алдық. Өзімізде осындай жарыстардан, ауладан футбол бастаған едік. Міне бүгін келіп соларға қолдау көрсеттік. Алдағы әлем чемпионатына қызу дайындалудамыз. Жақында Қырғызстанда жиын өткіздік. Бір сөзбен айтқанда, үмітіміз зор, - дейді ұлттық құрама ойыншысы Ақжол Дәрібай.
Айта кету керек, бүгінгі турнирде 1200-ге жуық кез келген ұлдар мен қыздар қатысып, жалпы саны 140-тан астам команда өнер көрсетті.
30 шілде 2018 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031