» » "Астана" футболшылары жеңіс тұғырында

"Астана" футболшылары жеңіс тұғырында

Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі "Астана - Мидтьюлланд" арасында өткен матчта қазақстандық клуб өз алаңында 2:1 есебімен жеңді.
"Астана Арена" стадионында өткен ойында астаналық клуб футболшылары есеп ашты. Матчтың 31-минутында Венгрия құрамасының жартылай қорғаушысы Ласло Кляйнхайслер қарсылас қақпасына гол салды.
Ойынның екінші бөлігінде "Мидтьюлланд" футболшылары есеп теңестірді. Гол авторы - норвег Викхейм Густав. Осыдан кейін соңғы минуттарда астаналық футболшы Ласло Кляйнхайслер гол соғып, өз алаңында жеңіске жетті.
Еске сала кетсек, "Астана" - "Мидтьюлланд" матчы Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді еске алып, бір минут үнсіздікпен басталды. Ал қазақстандық клуб футболшылары арнайы футболкамен алаңға шықты.
Қарымта матч тамыздың бірінде Данияда өтеді.

25 шілде 2018 ж. 902 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930