» » Химиктер кофе әзірлеудің жақсы әдісін айтты

Химиктер кофе әзірлеудің жақсы әдісін айтты

Кофені мұздай сусынмен дайындаса кофеин жақсы ериді. Мұндай қорытындыны АҚШ-тағы Томас Джефферсон университетінің химиктері жасады. Жұмыс Scientific Reports журналына жарияланды.
 Ғалымдар кофенің төрт түрін зерттеді. Оларды екі түрлі: ыстық және салқын әдіспен әзірледі. Зерттеуде сәл қызартылған, қатты қуырылған ірі және орташа ұнтақ пайдаланылды. Кейін дайын болған кофенің құрамы салыстырылды. Мамандар кофені мұздай тәсілмен дайындаған кезде бір литрге 1000 миллиграмм кофеин бөлінетінін анықтады. Ал қайнатылған кофеде 800 миллиграмнан аспайды. Бұдан басқа, химиктер салқын сусынмен әзірлегенде мұндай көрсеткіш 6-7 сағаттан кейін көрінетінін айтты. Бұған дейін америкалық ғалымдар аптасына бір кесе кофе инфаркттың қаупін жеті пайызға, инстультті сегіз пайызға төмендететінін анықтаған.
29 желтоқсан 2017 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728