» » Келесі айдан бастап аттестациядан өткен мұғалімдер үстеме ақы алады

Келесі айдан бастап аттестациядан өткен мұғалімдер үстеме ақы алады

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қыркүйек айынан бастап аттестациядан өткен мұғалімлердің үстеме ақы алатынын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл педагогтарды аттестациядан өткізудің жаңа жүйесі енгізілді. Аттестациялауға 60 мыңға жуық мұғалім қатысты. Олардың ішінде 36 мыңнан астамы аттестациядан өтті. Ол 63 процентті құрайды. Осы жылдың қыркүйек айынан бастап аттестациядан өткен мұғалімдерге алған категорияларына қарай үстеме ақы төленеді», - деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.
Айта кетейік, аттестацияның нәтижесі бойынша 50 процентке дейінгі үстеме ақы қарастырылған. Бұдан бөлек, бүгінде жаңартылған білім мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдерге 30 проценттік ақы төленіп жатыр. Өткен жылы 1, 2, 5 және 7-сыныптар жаңа оқу бағдарламасына көшсе, биылдан бастап 3, 6 және 8-сыныптар жаңартылған мазмұн бойынша білім ала бастайды. Демек, осы сыныптардың мұғалімдері де 30 проценттік қосымша ақы алатын болады.  Министрдің сөзіне қарағанда, осы жылдың аяғына дейін мектеп оқушыларының 75 проценті жаңартылған мазмұн бойынша оқиды. «Екі жылда шамамен 150 мың мұғалім арнайы курстан өтті. Қазіргі уақытта 73 мың педагог оқып жатыр. Жаңартылған мазмұн бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалпы саны - 205 мың адам. Бүгінде олардың 67 процентінің жалақы көлемі 30 процентке көбейді», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.  Айта кетейік, алдағы уақытта ұлттық бірыңғай тестілеу тәртібіне бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Аталған өзгерістер іске асса, мұғалімдердің бос уақыты көбейеді.
07 тамыз 2018 ж. 945 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031