Ұстаз жалақысына үстеме ақы қосылады
Мектеп ұстаздарының жалақысын арттыру оқу бағдарламасының жаңартылған мазмұнға көшуге байланысты. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова жеткізді.
— 2019 жылға дейінгі білім беру мен ғылымды дамытудың
мемлекеттік бағдарламасымен бекітілген сәйкес кесте бар. Осылайша, 2018 жылғы қаңтардан бастап 1, 2, 5, 7-сыныптардың мұғалімдерінің жалақысы ұлғайтылады. 2018 жылғы қыркүйектен бастап — 3, 6 және 8-сыныптардың мұғалімдерінің, 2019 жылы қыркүйектен бастап 4, 9, 10-сыныптардың мұғалімдерінің жалақысы артады. 2020 жылы 11-сынып мұғалімдеріне де кезек келіп жетеді.
Бұдан өзге, мұғалімдерге үстеме ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі, ол біліктілік деңгейін ескереді. Санаттар ұлттық біліктілік тесті арқылы тағайындалады. Расталған біліктілікке байланысты үстеме ақы 20 пайыздан 50 пайызға дейін жетеді.
Мәселен, бір саты жоғарылаған 15 жылдық еңбек өтілі бар І санаттағы қала мұғалімінің еңбекақысына 28 000 теңге қосылса, ауыл мұғалімінің жалақысына 36 000 теңге қосылады.
Еш санаты жоқ және 3 жылдық өтілі бар мамандардың лауазымдық қызметақысы 56 000 теңгені құрайды, вице-министрдің айтуынша, педагогтардың осы санаты үшін бірқатар үстеме ақылар мен қосымша ақылар қарастырылған (дәптерлерді тексеру, кабинеттерді меңгеру үшін). Осылайша, білім берудің жаңартылған мазмұны үшін үстеме ақы қала деңгейінде 16 000 теңгені және ауыл деңгейінде 21 000 теңге болмақ. Осылайша, осындай маманның жалықысы қалада шамамен 96 000 теңге, ауылда 115 мың теңге болады.
«Осындай үстеме ақы алуға ынталандыру бар деп ойлаймын. Ал, бұл маман біліктілік тестін тапсыратын болса, оның жалақысы едәуір ұлғаяды», — деді Бибігүл Асылова.