» » Әлеуметтік бағдарламалар насихатталды

Әлеуметтік бағдарламалар насихатталды


«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында  Жалағаш ауданы Аққұм мен Мәдениет елді мекендерінде, Қазалы ауданы Өркендеу мен Жанқожа батыр елді мекендерінде 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналғанкездесу,   көшпелі қоғамдық қабылдаулар, ауыл жастары арасында спорттық сайыстар, кәсіпкерлік дағдылары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-тренингті «Шыңғыс» тренерлер орталығының маманы тренер- мотиватор Жасұлан Садуақасов жүргізді, семинар-тренинг соңында белсенді қатысып, ойларын додаға салған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қоғамдық қабылдауларды аудандық жастар ресуртық орталықтарының басшысы мен мамандары  жүргізді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырылып өткізілді. Спорттық шарадан футбол ұйымдастырылып, 4 команда қатыстырылып, бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Барлық шаралардың  мақсаты жасөспірімдер мен ауыл жастарының бойында сенімділікті оятып, мемлекеттің жастарға жасап отырған бағдарламаларын тиімді пайдалану.
30 қазан 2018 ж. 814 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031