Ауыл жастарын әлеуметтендіру
«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры «Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ауыл жастарын әлеуметтендіру» әлеуметтік жобасы аясында Қармақшы ауданы ІІІ интернационал мен Төретам елді мекендерінде, Арал ауданы Сексеуіл, Шижаға және Қамыстыбас елді мекендеріндеҚазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған кездесу, көшпелі қоғамдық қабылдаулар, ауыл жастары арасында спорттық сайыстар, кәсіпкерлік дағдылары бойынша семинар-тренингтер ұйымдастырылып, өткізілді. Семинар-тренингті «Шыңғыс» тренерлер орталығының маманы тренер- мотиватор Жасұлан Садуақасов жүргізді, семинар-тренинг соңында белсенді қатысып, ойларын додаға салған қатысушыларға сертификаттар табысталды. Қоғамдық қабылдауларды аудандық жастар ресуртық орталықтарының басшысы мен мамандары жүргізді. Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы кездесулер ұйымдастырылып өткізілді. Спорттық шарадан футбол ұйымдастырылып, 4 команда қатыстырылып, бағалы сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды. Барлық шаралардың мақсаты жасөспірімдер мен ауыл жастарының бойында сенімділікті оятып, мемлекеттің жастарға жасап отырған бағдарламаларын тиімді пайдалану.