» » Әпер бақан заманның әдісіне алаңмын

Әпер бақан заманның әдісіне алаңмын

   Біздің үйге қарама-қарсы бетте көршіміз бар. Өздері бай тұрады. Шарбағына қарасаң құдды бір зәулім сарайдың қорғаны іспеттес. Бірақ кейде осындай «ақ дегені ақ, қара дегені қара» болып тұрған байларға не жетіспейді деп ойлайсыз.
 Бір күні үйдегі бар тіршілігімді бітіріп, сілем қатып ұйықтап жатқанмын. Түс ауа әлдекімнің айқайынан ұйқым шырт бұзылды. Қысқасы, көрші үйден шыққан абыр-дабыр, бақырып-шақырған дауыстан оянып кеттім. Шықсам, еңгезердей отыздағы ағасы інісін қолына балта алып қуып жүр. Бұл бірінші рет емес, көз үйреніп қалған. Өздері үйелмелі-сүйелмелі үш ағайынды жігіт. Бір кездері екі ағасы інісін көк ала торғайдай қылып сабағанын да көргенбіз. Үшеуі де үйлі-баранды отбасы. Бәрі әкелерінің қара шаңырағында тұрады. Оқиғаға оралайық. Ана жерде боқтық сөздің де атасы айтылып жатыр. Жанұшырып кішісі қашып жүр. Ақыры қуып жете алмады. Далаға бір шыққанымда Алмат шарбақтың әр тесігінен үңіліп, үркесоқтап үйге кіре алмай жүр екен. Үйінде мәселе болсын делік. Бірақ бұл не деген безбүйректік? Бір анадан туған бауырлар емес пе? Өлгенше ұрып-соғып, далаға жалаң аяқ қашып кетердей бастарына не күн туды екен деп ойладым.
Қазір осындай оқиғаларды жиі көретін болдық. Бір-бірін өлімші етіп сабап жатқан бауырларды да, ит терісін басына қаптап, жұрттың көзінше жерден алып жерге салып жатқан туыстарды да көзіміз шалып жүр. Сонда бауырмалдылық қайда қалды? Заман өзгерді ме, адам азды ма? Әйтеуір сондай бір туысыңның өзі жақыным деп қамқорлық танытпайтын, ыңғайы келсе жарға жығып кететін заманға тап келдік. Қазақ үлкен философ қой. Кішкентай кезіңде үйге келген қонақ ініңді алып кетейін бе, «өйтейін бе, бүйтейін бе» дейді ғой. Меніңше, соның астында үлкен мән жатыр. Оның барлығы айналып келгенде, баланың інісіне не қарындасына деген махаббатын, қамқорлығын ояту үшін айтылған секілді. Бұл да баласын дауға да, жауға да бермейтіндей бауырмал қылып өсіру үшін әдейі әдіс қой түсінгенге. «Әпербақан заманның, әдісіне алаңмын» дейді ақын Бақытжан Алдияр. Алаңдарлық дүние.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
07 желтоқсан 2018 ж. 1 107 0

Ұқсас жаңалықтар:

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031