» » Жазықсыз 39 жыл түрмеде отырған қарияға 21 миллион доллар өтемақы төленеді

Жазықсыз 39 жыл түрмеде отырған қарияға 21 миллион доллар өтемақы төленеді


Крейг Коули 1978 жылы әйел мен оның төрт жасар ұлын өлтіргені үшін сотталған, деп жазды Sputnik Қазақстан.
 39 жыл бойы жазықсыз түрмеде отырған америкалық өтемақы ретінде 21 миллион доллар алады. Бұл туралы Сими-Уэлли (Калифорния) қаласының сайтында жазылды.
70 жыл бұрын қыз зорлағаны үшін сотталғандар өмірден озғаннан кейін ақталды.
Крейг Коули 1978 жылы әйел мен оның төрт жасар ұлын өлтіргені үшін сотталған. Іс қайта қарала бастағаннан кейін полиция жаңа ДНҚ үлгілерін тапқан, оны зерттеу барысында сотталушының қылмысқа қатысы жоқ екені дәлелденді.
Каулидің басынан өткен оқиғаны ешқандай өтемақы өтей алмасы анық, соған қарамастан бұл істі реттеу тұтас қоғам үшін дұрыс әрекет болмақ", - деп жазылған хабарламада.

Ер адам 2017 жылдың қарашасында 70 жасында бостандыққа шыққан. Билік зардап шегушіге 4,9 миллион доллар төлейді, қалған сома түрлі көздерден, соның ішінде сақтандыру компаниясынан алынады.
2018 жылы Калифорнияның құрбандарға өтемақы төлеу кеңесі Коулиге екі миллион доллар бөлді, бұл – ұйым құрылғалы бері зардап шегушілерге берілген ең қомақты өтемақы.

25 ақпан 2019 ж. 630 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031