» » Мықты иммунитет өз қолыңызда

Мықты иммунитет өз қолыңызда

  Көктем мезгілінде тез шаршау, жиі ұйқы келу, бас ауру, бұлшықеттер мен буындар ауырсынуы әр адам үшін қалыпты сипат алады. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында иммунитеттің төмендеуі заңды құбылыс. Бастысы, деннің саулығы үшін мұндай жағдайды болдырмаудың жолын іздеген дұрыс. Оқырмандарға мықты иммунитет қалыптастыру жолындағы келесідей кеңестерді ұсынамыз.
Тамақтану
Тамақтану − әрқашан басты орында. Әсіресе, толыққанды ақуызға бай ет, балық, бұршақ тұқымдас дәндер ағза үшін өте пайдалы. Ет пен балықты күнде жеуге болады, ал, бадана (фасоль), асбұршақ, жасымық сынды дәндерді аптасына 2 рет тұтынған дұрыс.
Көкөністер мен жеміс-жидектерді, картоп, өрік, жаңғақ пен қарақұмық тәрізді калийге бай өнімдерді көбірек тағамға қосыңыз.Балық және теңіз өнімдерінің құрамындағы әлі толықтай сіңбеген майлы қышқылдар ағзадағы қорғаныш қабілетін өте жақсы көтереді. Көп жағдайда кальмар мен теңіз орамжапырағын жеген өте пайдалы.
Көтеріңкі көңіл күй
Ұсақ дүниелерді жиі уайымдау, болмашыға алаңдау, күйзеліс − иммунитеттің басты жауы. Сондықтан үнемі көңіл күйге мән беріңіз.
Пробиотиктер
Пияз, сарымсақ, банан ағзадағы пайдалы бактерияларды ұлғайтуға септігін тигізеді. Олар ғылыми тілмен «пробиотиктер»деп атайды. Сол үшін бұл тағам түрлерін де жиі қолданыңыз.
 Табиғи өнімдер
Иммунитетті күшейтуге қызылкүрең (эхинацея), адамшөп (женьшень), қызылмия, сермене сынды табиғи шөптер де пайдасын тигізеді. Осы шөптердің тұнбасын тұтыну арқылы белгілі бір сырқатты емдеп немесе алдын-алуға болады.
                                                   Шынығу                      
Жүзу, салқын суға түсу, контрасты душ қабылдау ағзаны нығайтуға көмектеседі. Жоғары және төмен температураны алмастырып пайдалану иммундық жүйеге өте пайдалы. Сонымен қатар күн сәулесі аясында жиі серуендеңіз. Серуендеу − дүкенге немесе жақын жердегі аялдамаға бару емес. Мүмкіндігінше ойыңызды табиғатқа аударып, бірнеше шақырым жолға жаяу жүріңіз.
15 наурыз 2019 ж. 1 038 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031