» » "Неге біреулер туып, басқалар асырау керек?": Назарбаев көпбалалы жанұялар туралы айтты

"Неге біреулер туып, басқалар асырау керек?": Назарбаев көпбалалы жанұялар туралы айтты

  Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Шамалған ауылындағы жерлестерімен өткен кездесуде көпбалалы және аз қамтылған жанұяларға берілетін көмек туралы айтты. Елбасы өз баласын асырау-әр адамның міндетті екенін алға тартты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Көпбалалы, аз қамтылған аналарға көмек қалай көрсетіліп жатқанын көріп жатырсыздар. Осы жылдың басынан бері ең төменгі жалақы мөлшерін бір жарым есеге арттырдық және 1 млн 300 мың адамға көмек көрсетудеміз", - деді Елбасы.
Одан бөлек, алғашқы президент 1 сәуірден бастап көпбалалы аналарға қосымша көмек те көрсетілетінін алға тартты. Бала күтіміне берілетін жәрдемақыны тек көпбалалы жанұялар емес, аз қамтылған отбасылар да алатын болады.
"Мемлекеттен көмек күтіп отырмай, жұмыс істеу керек. Неге балаларды біреулер дүниеге әкеліп, басқалар асырау керек? Баланы дүниеге әкелді ме, намысы бар азамат жауапкершілікті басқаларға бұрмай, баланы көтеру керек, аяққа тұрғызу қажет.Барлық әлемде солай. Кейбіреулер бар, Қарақалпақстаннан көшіп келдік дейді, он балалары бар. Біздің көмектескенімізді қалайды. Олай болмайды. Біз жұмыс істеуіміз керек, ал баласын асырау-әр адамның өз міндеті.Біздің ата-аналарымыз, ата-әжелеріміз осылай өсірді. Барлығымыз осылай өстік. Мен үнемі олар Қазақстанға келгені үшін мемлекет зейнетақы төлеп, толық қамтамасыз ету керек дегенді естимін. Ол дұрыс емес.Қазір мемлекеттің жағдайы тұрақты. Бізде келешекке индустрияға да, ауыл шаруашылығын дамытуға да резервтер бар. Біз барлық Қазақстан бойынша жолдар салып жатырмыз. Батысқа қандай тамаша жолымыз бар.Газ облыстарға дейін жүргізілді. Әр ауылға газ жүргізіліп жатыр. Бізде бәрі бар. Тек қана жұмыс істеп, өз жағдайыңды жақсарту керек. Оқу және оқу керек. Сонда ғана отбасын толық қамтамасыз ете аласыздар", - деді Нұрсұлтан Әбішұлы.

03 сәуір 2019 ж. 5 382 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930