» » БҒМ қандай ұстаздардың жалақысына үстемақы қосылатынын түсіндірді

БҒМ қандай ұстаздардың жалақысына үстемақы қосылатынын түсіндірді

Бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов Елбасы Жолдауында айтылғандай жаңа аттестациялау жүйесін енгізугенде қандай санаттағы мұғалімге үстеме жалақы төленетіні туралы айтты.
Журналист сауалына жауап берген вице-министр Асхат Аймағамбетовтің айтуына қарағанда, қазіргі кезде біліктілікті растаудың жаңа жүйесі әзірленіп жатыр.
"Жаңа жүйе екі кезеңнен тұрады. Алдымен педагогтар ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Одан кейін педагог қызметінің қорытындыларын кешенді жалпылау жұмысы жүргізіледі. Осылайша, өз біліктілігін дәлелдеген ұстаздың еңбекақысы 20-50% аралығында көбейетін болады. Ал өткен жылы немесе одан бұрынғы жылдарда өз біліктілігін растаған ұстаздар үшін үстемақының ескі жүйесі сақталатын болады. Қазіргі заңнамаға сәйкес, бұл біліктіліктер 5 жылға дейін жарамды және заңды ешкім өзгертпейді. Сондықтан, барлық ескі санаттар мен оларға тағайындалған үстемақылары сақталады», - деді Асхат Аймағамбетов.
Сонымен қатар, ұстаздар өз қалауымен жаңа жүйеге сәйкес біліктіліктерін көтеріп, жаңа кесте бойынша үстемақы алуына да мүмкіндік бар.
17 қаңтар 2018 ж. 1 647 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031