Жолдау ұстаздарды қанаттандырды
Елбасының Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында жаңартылған мазмұнға көшкен мұғалімдердің жалақысын 30 пайызға көйбейтуді тапсырды. Мұның өзі мұғалімдердің мәртебесін өсіруге бағытталған жаңа қадамдар екенін айғақтайды. Ал жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады. Сонымен қатар Елбасы 2018 жылы категориялар арасындағы алшақтықты арттырып, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды.
– Категорияларды бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілік тест арқылы беру керек. Бұл педагогтарды өздерін ұдайы жетілдіруге ынталандыратын болады. Нәтижесінде, мұғалімдердің жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 %-дан 50 %-ға дейін өседі. Бұл үшін биыл қосымша 67 миллиард теңге бөлу қажет, – деді Елбасының халқына арналған жолауында.
Жолдауда айтылған әрбір бағыттың берері көп. Тек соны тиімді пайдалануға күш салуымыз қажет. Халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламаларын жүзеге асырып, оқушыларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытуды басты бағыт деп қарастырған Елбасы жолдауы білім беру ісіне қолдаудың, мемлекеттік қамқорлықтың жарқын үлгісі екенідаусыз. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыздың бағыт-бағдарын бағамдап берген Президент Жолдауы – Қазақстан халқы үшін маңызды құжат.