МҰҒАЛІМ МӘРТЕБЕСІН АСҚАҚТАТТЫ

«Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады. Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар» деп педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыруды тапсырды. Білім беру бағдарламаларын өзгерту және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту туралы айтты. 2019 жылдан 10-11-сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталмақ. Енді біздің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеу үшін қажетті деңгейде үш тілді меңгеретін болады. Жастардың үш тілді білуі жаһандық жаңашылдықтарға жол ашып қана қоймай, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Елбасы жолдауда «оқытудың мазмұндылығы заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы үйлесімді түрде толықтырылуға тиіс. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты Интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру қажет» деп айқын мақсаттарды сөз етті. Орта білім жүйесіне жаңашылдық керек. Президентіміздің бұл сөздері барша мұғалімдерді қуантты. Әсіресе Ұлт көшбасшысын мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейтуді тапсырды. Мұнан бөлек, барлық білім беру саласы қызметкерлерінің жалақысы 29 пайызға артпақ. Сонымен қатар, 2018 жылы мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізуді тапсырды. Бұл тапсырмадағы бүкіл әлемде қолданылып жүрген ұлттық біліктілікті тест арқылы анықтау әдісі педагогтарды ұдайы өсуге ынталандырады. Жалақысы біліктілігінің расталуына байланысты тұтастай алғанда 30 пайыздан 50 пайызға дейін өседі. Бұл мақсатта арнайы қаржы бөлінетінін де айтты. Бұл жаңалықтар барша мұғалімдер қауымына қуаныш сыйлағаны сөзсіз. Осылайша Елбасы барша қазақстандық мұғалімдердің еңсесін бір көтеріп тастады. Әсіресе, жас мамандар, болашаққа батыл қадамдар жасауға әзірміз.
Зайырхан ЖАПАНОВ,
№271 орта мектеп директорының
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.