» » МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 30 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

Елбасы Жолдауында нақтыланғандай, мұғалім мәртебесін арттыру мақсатында білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысы осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға көбейеді. 30 пайыздық өсім осы жылы 1, 2, 5, 7 сынып мұғалімдерінің қыркүйек айынан бастап 3, 6 және 8 сынып ұстаздарының, 2019 жылдың қыркүйегінен 4, 9, 10 сынып және 2020 жылдан бастап 11 сынып мұғалімдерінің жалақыларына қосылады. Мұғалім жалақысын  көтеру –олардың біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп, ынталдыру және ұстаздың қоғамдық мәртебесін асқақтату болып табылады. Сондай-ақ, мұғалім мамандығын таңдап, үлкен дайындықпен келген түлектен болашақта жақсы ұстаз шығатыны сөзсіз. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің директоры Бақытжан Сайлыбаев мәлімдеді.
   – Біздің облыста 20 460 мұғалім бар. Олардың 67 пайызы жаңартылған мазмұнмен білім береді. Сондай-ақ, төлемнің жаңа жүйесі енгізілмек. Енді педагогтардың біліктілік деңгейі ескеріледі. Категориялары ұлттық біліктілік тестілеудің нәтижесімен сараланады. Расталған соң, олардың жалақысы 30-дан 50 пайызға дейін көтеріледі. Жаңа жүйе бойынша 15 жылдық жұмыс өтілі бар, қалалық мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы 147 000 теңге, ал ауылдық жерлердегі ұстаздардың айлығы 179 000 теңге болады. Ал, категориясы жоқ, 3 жыл жұмыс өтілі ғана бар педагогтар (қалалық деңгейде) 107 400 теңге, ауылдық жерлерде білім беретін мұғалімдер 130 700 теңге айлық алады, – деді Бақытжан Сайлыбаев.
   Елбасы Н.Назарбаев жолдауында өркениеттен қалмай, көшбасшы елдер қатарынан көріну үшін алда орындалатын негізгі он міндетті ұсынды. Басым бөлігі индустрияландыру мен технологияға негізделген осынау маңызды міндеттердің бірі – «Адами капитал – жаңғырудың негізі» деп аталатын жетінші бағыт. Себебі, қандай мықты индустрия, ғажайып технология болмасын, оны жасайтын – адам. Сондықтан да Елбасы өз жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі бүкіл жаңғырумыздың негізі – адам капиталы екендігіне баса назар аудара отырып, білім және ғылым саласының сапалық тұрғыдан дамуына ерекше мән берді.
  • Халықаралық сараптау орталығының мәліметіне сәйкес қазақстандық оқушылар өз академиялық білім деңгейлері бойынша ресейлік білім алушылардың қатарындағы алғашқы ондықтан көрінсе, функционалдық сауаттылық деңгейі мен сыни ойлау қабілетіне қарай әлемдегі 60 елдің ішінде соңғы орында екені анықталған. Балалардың біліміндегі осындай олқылықты болдырмас үшін ОЭСР елдері жаңартылған білім беру мазмұнына осыдан 15 жыл бұрын көшкен болса, біздің елімізде ол 2016 жылдан бері ғана қолға алынып келеді. 2012 жылы 12 жылдық орта білім беру жүйесі толықтай жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп болып, 2019 жылдан бастап жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндер ағылшын тілінде оқытылатын болады,- деді Бақытжан Сайлыбаев БАҚ өкілдерімен кездесуінде.
Мөлдір КЕНЖЕҒҰЛОВА
18 қаңтар 2018 ж. 2 167 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031