Енді мұғалімдердің жалақысы екі есеге көбейетін болды

Жиын барысында Мемлекет басшысы мұғалімдердің айлығы төмен екенін тілге тиек еткен.
"Турасын айту керек. Бүгінде мұғалімдердің жалақысы ең төмен деңгейде қалып отыр және экономика бойынша орташа жалақының 65 процентін ғана құрайды", - деді Тоқаев.
Осы орайда президент үкіметке ұстаздардың айлығын көтеруге тапсырма берді.
"Мұнымен, әрине, біз келіспейміз. Сондықтан Үкіметке білім саласына білікті мамандарды тарту үшін және мұғалім мәртебесін көтеру үшін жалақыны төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырамын", - деді президент.