» » Білімді ұрпақ – ел мәртебесі

Білімді ұрпақ – ел мәртебесі

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мұғалімдердің мәртебесін көтеруге бағытталған десек артық емес. Өйткені мақалада өзге де мектептерге Назарбаев зияткерлік мектебінің тәжірибесін енгізсек, қазақ жастарына әлемнің кез келген жерінен білім алуға жол ашылады деп қадап айтты. Осы мақсатта дамыған елдердің мамандарымен тайталасып еңбек ететін деңгейге жету қажет. Біз алдағы жұмыс барысында осы тапсырмаларға басымдық береміз. Сондай-ақ, Президент 2019 жылды Жастар жылы деп жариялады. Жастар біздің болашағымыз десек, білім саласына баса назар аударудың маңызы зор. Президент тапсырмасына сәйкес, осы бағыттағы жұмыстар жандана түссе, нәтижелі болса, педагогтардың мәртебесі көтеріліп, сала білікті кадрлармен жасақталып, білім сапасы арта түседі. Балаларға халықаралық стандартта білім беру үшін ұстаздар да жаңа заман ғылымын игереді. Ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Сонымен қатар мұғалімдердің жалақысын көтеру және олардың баспаналы болу мүмкіндігі ұстаздар қауымына көрсетілген құрмет деп есептейміз.
Айнұр ДОСЖАНОВА
тарих пәнінің мұғалімі
14 қаңтар 2019 ж. 657 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930