» » ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ӘЙЕЛДЕР

ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛҒАН ӘЙЕЛДЕР

Әйел атаулы жұртқа  көбінесе көркімен танылады. Ерлігімен ерекшеленіп, дүниеге көп бала әкеліп әйгілі болатындар да баршылық. Өнертапқыштықтарымен танылған арулар туралы білесіз бе? Олар жасаған дүниелер әлемді өзгертуге себепші болған. Бүгінгі әңгімеміз солар туралы болмақ.
Астролябия

Бұл ежелгі астрономиялық құрылғы. Оның көмегімен ғалымдар аспан денелерінің орналасу мүмкіндіктерін зерттеген.  Астролябияны біздің дәуірге дейінгі 370-жылы ұлты грек Гипатия Александрийская жасапты.
Гипатия ханым өнертапқыштықпен қатар философия, астрономия, математикамен шұғылданған.
Көрінбейтін көзтартар

Суасты қайығына арналған перископ құралы – дүрбі шалғайдағы нысандарды анық көрсетеді. Бұл түрлі жағдайда өзге мақсаттарға да қолдануға өте ыңғайлы. Әскери салада әлі күнге қолданылады. Осыны жасаған – Сара Мэтер. Оған 1845 жылы перископ авторы ретінде патент берілген.
Циркулярлы ара

Араның бұл үлгісін Табито Бэббитт 1810 жылы жасапты. Оған дейін екі тұтқалы ара пайдаланылған.  Ол ағашты бір бағытқа жылжығанда ғана  кеседі. Циркулярлы ара осы кемшілікті жойды. Адамдар артық күш-қуат жұмсаудан құтылды. Осылайша, бұл жаңалық ағаш өнеркәсібі саласына үлкен өзгеріс әкелді.
Әйнек тазартқыш

Алаш шыққан көліктерде алдыңғы әйнекті жаңбыр мен қардан тазартып тұратын ештеңе болмаған. Сондықтан жүргізуші жолда көлікті тоқтатып, алдыңғы әйнекті сүртіп отыратын. Осы қиындықтан құтқарған Мэри Андерсон есімді әйел. Ол көлікке мінгенде жүргізушінің қалай қиналатындығын көрген соң, осы ауыртпалықтан құтқаруды ойлапты. Сөйтіп 1903 жылы қазіргі «дворник» деп аталатын құралды жасапты.
Автомобиль глушителі

ХХ ғасырдың орта тұсында көлік көбейіп, одан шыққан шу адамдардың мазасын ала бастайды.  Осы  проблеманы шешуге Эль Долорес Джонстың жаңалығы себепші болған. 1917 жылы көлікке арналған акустикалық фильтр құрастырып, темір тұлпарлардан шығатын шуды азайтты.
Ыдыс жуатын машина

Жабдық 1886 жылы пайда болған.  Авторы – Джозефина Кокрейн. Қолмен ыдыс жуу барысында оны сындырып алу оңай екенін байқаған әйел қиындықтан құтылу жолын іздейді. Тіпті өзінің аса қымбат қыш ыдыстарын сындырып алған соң Джозефина ыдыстарға зақым келтірмейтін құрал табуды ойластырады.  Өкінішке қарай, оның бұл жаңалығы араға 40 жыл салып іске асты.
Ет консервілері
Оның авторы – Надежда Кожина. Қалбырдағы ет алғаш рет 1873 жылы Венада өткен дүниежүзілік көрмеде көрсетілген.
Қазір консеревіленген ет ұзақ жыл бұзылмай сақталады. Бұл әр елде сақтық қорын жасауға да себепші болуда. Кожина осы жаңалығы үшін медаль алған.
Бюстгальтер
Кеудетартқыш әйелдер үшін аса қажетті құрал.  Алайда оны кім жасағанын көп адам біле бермейді. 1889 жылы француздық  Эрмини Кадоль жергілікті шеберханасында тосын киім түрін жасайды. Алғашқы өнімін le Bien-Etre («табысқа жету») деп атаған. Кеудетартқыш тез арада әлемге тарап үлгерді.
26 қаңтар 2018 ж. 1 215 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031