» » ОТАНДЫҚ ТЕЛЕӨНІМДЕР ҮЛЕСІ ӨСУДЕ

ОТАНДЫҚ ТЕЛЕӨНІМДЕР ҮЛЕСІ ӨСУДЕ

Кеше Ақпарат және коммуникация ми­нистрі Дәурен Абаев журналистерге арнап брифинг өткізіп, мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілген бірнеше отандық телесериалдарды назарға ұсынды.
Тұсаукесерде алғаш болып сөз алған Дәурен Абаев «Бүгінде министрлік отандық сериалдарды дамытуға барынша қолдау білдіріп жатыр. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен халқымыздың салт-дәстүрін, тарихы мен рухани құндылықтарын насихаттайтын телеөнімдерге көңіл бөлінуде. Мәселен, былтыр түрлі жанрдағы 40 сериал көрерменге жол тартты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда екі есе көп. Отандық телехикаяларды түсіруге мемлекеттік телеарналармен қатар коммерциялық арналарға да тапсырған болатынбыз. Сан түрлі жанрда түсірілген туындылар әртүрлі жастағы аудиторияға арналған. Сол себепті, бұл жұмысты кәсіби мамандарға жүктедік. Қоғамдық-әлеуметтік мәні бар, отбасылық құндылықтарды насихаттап, еліміздің тұтастығын меңзейтін, халқымыздың дәстүрі мен тарихынан сыр шертетін телехикаяларды түсіруге басымдық бердік» деп 2017 жылдың нәтижелерімен бөлісті.
Министрлік әлеуметтік маңызы бар роликтерге де ден қойған екен. Жыл бойы көрермен 131 әлеу­мет­тік роликті көгілдір эк­ран­нан тамашалады. Бұл – елі­міз­­дің телеарналарында бұрын-­соңды болмаған нә­тиже.  Бұл жөнінде министр «Заң­дарға өзгеріс енгізілгеннен кейін осындай мүмкіндік пайда болды» дейді. Дәурен Абаев отандық сериалдарды сынағандарға да жауап берді. «Қоғам белсенділері отандық өнімдер мемлекеттік тарапынан қар­жыландырудан тәуелсіз болуы керек деп жатады. Бұл әзірге мүмкін емес. Енді аяқтан тұрып келе жатқан жобаларға балта шабуымыз қателік. Мемлекеттік тапсырыстың аясында жасалған жобалардың көбі – бәсекелестікке қабілетті сапалы өнімдер. Сериал түсірердің алдында қарапайым көрермен мен зиялы қауымның пікірі ескеріледі. Бір жағынан, телеарна басшылары контентті толтыру үшін шетелдік сериалдардан бас тарта бастағанын байқадық. Сондай-ақ, жекеменшік телеарналарға бөлінген мемлекеттік тапсырыс қаржысы қазақтілді бағдарламалардың санын арттыруға жұмсалатынын ескеру керек» деп пікірін білдірді министр.
Былтыр министрлік «Қа­зақстан» ұлттық телеарнасымен бірігіп 15, «Хабар» агенттігі – 13, жекеменшік арналар 13 сериал тү­сірді. Жиынға қатысқан «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының басшысы Ерлан Қарин Алаш арыстарының өміріне арналған «Тар заман» тарихи телехикаясы туралы сөз қозғады. Ал «Астана» арнасының басшысы Ләззат Танысбай биыл эфирге шығатын «Асыл арман» телехикаясы көкек аналардың тағдырына арналады дейді.
Одан бөлек биыл КТК телеарнасында «Красный уровень» туындысы көрерменге жол тартпақ. Бұл сериал діни терроризм мен экстремизмге қарсы күрес жүргізетін ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің жұмысын барынша шынайы көрсету үшін арнайы түсірілді. Жаңа маусымда «Хабар» агенттігі көрерменге алмағайып замандағы батырлардың батылдығын бейнелейтін «Батырлар жолы» көркем телехикаяны ұсынды.
Гүлдана ТАЛҒАТҚЫЗЫ
26 қаңтар 2018 ж. 950 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031