МӘМС: ынтымақтастық және қол жетімділік
Қазіргі таңда медициналық сақтандыруға қатысты тұрғындар тарапынан сұрақтар көп. Бірі түсінсе, екіншісі түсінбей жатады. Жалпы 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (бұдан әрі – МӘМС) жүйесі толық күшіне енді. 2015 жылы 16 қарашада ҚР «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заң қабылдады. Осы төңірегінде және облыс тұрғындарын медициналық сақтандыру жүйесімен толық қамту, барлық медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау, аймақтын әрбір тұрғынының сақтандырылу мәртебесін анықтау мәселелерін шешудің маңыздылығы турасында "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов мәлімдеді.
Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Қызылорда облысының тұрғындары әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7,1млрд. теңге аударды. Бүгінгі таңда аймақ халқының 86,6 %-ы шартты түрде сақтандырылған.
– Аймақ халқының жалпы санынан 802,3 мың адам, 471 мыңнан астам тұрғын (58,8%)азаматтардың 15 жеңілдік санатына жатады. МӘМС-тің қалған қатысушылары – жалдамалы жұмысшылар (227,7 мың адам), жеке кәсіпкерлер (34,5 мың адам), Бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілер (12,9 мың адам), ерікті төлеушілер (55,4 мың адам). Сондай-ақ амбулаторлық-емханалық көмектің қаржыландыру көлемі де 2020 жылға 12%артып,17 01996мың теңгені құрады. Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің басым қаржыландырылуы аймақ тұрғындарын алдын-алу шараларымен қамтуға бағытталды. Консультативтік-диагностикалық қаржыландыру көлемі 6 есеге көбейіп, 5 378 609теңгені қамтыды. Амбулаторлық, дәрілік қамтуға ТМККК және МӘМСжүйесін қаржыландыру 2 есеге артты" – деді Қор филиалының директоры.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов өңір тұрғындары 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін шартты түрде сақтандырылуы тиіс екенін айтты. "Олар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттеріне кіретін медициналық қызметтерді ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің талабына сәйкес төлем жасау керек. Сондай-ақ, Мемлекет экономикалық белсенділігі төмен халық үшін жарна төлейтін болады. Жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін төлейді, ал қызметкерлер мен салық органдарында тіркелген өзін-өзі қамтыған азаматтар өздері үшін төлейтін болады. Бұдан бөлек, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылады. Заңға сәйкес қорға жарна төлеуден босатылатындар: көп балалы аналар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектер, жұмыссыз ретінде тіркелгендер, интернаттық ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиленушілер, бала тууға, бала асырап алуға байланысты демалыстағылар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, зейнеткерлер, сондай-ақ, баласы үш жасқа толғанға дейін бала күтіп, жұмыс істемей отырғандар», – деді Жақсылық Әбілқасымұлы.
Сонымен қатар, бұл заң жобасында еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу және жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемдерді тағайындау кезінде қолданылатын параметрлер қайта қаралған.
Бақыт Торғайбайұлы облыс тұрғындарын медициналық сақтандыру жүйесімен толық қамту, барлық медициналық мекемелердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау, аймақтын әрбір тұрғынының сақтандырылу мәртебесін анықтау мәселелерін шешудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының 22 503 (2,8%) мәртебесі өзектендіруді қажет етеді. «Қазіргі уақытта медициналық көмектің түрлері орналастырылып, медициналық қызметтерді сатып алу шаралары аяқталды. Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізумен сәйкес, медициналық көмек ауқымының 20% ұлғаюына орай, 2020 жылы Қызылорда облысы денсаулық сақтау жүйесінің бюджеті 55 156 594 мың тенгені құрап отыр. Оның ішінде 40 612 105мың теңгесі(74%) тегін медициналық көмектің кепілдікке берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК), МӘМС жүйесіндегі медициналық қызмет үшін 14 544 489мың теңге (26%) құрайды», - деді Б.Торғайбайұлы.
«2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап балаларға рецепт бойынша берілетін дәрілер медициналық сақтандыру есебінентегін беріледі. Облыс бойынша 2020 жылға жоспарланған консультациялық-диагностикалық көмектің 1 243 131 мың теңгесіоблыстағы 7 КТ және 4 МРТ аппараттарына жоспарланды», - деп атап өтті Б.Исмаханбетов.
Сатып алу шарасының нәтижесінде 56медициналық қызмет көрсетушілер қатысты, оның 28-і мемлекеттік жекеменшік мекемелер (50%).
«Барлық азаматтар медициналық сақтандыру жүйесінде өз жарналарын төлеу арқылы, оның ішінде медициналық ұйымдардағы төлем терминалдары арқылы медициналық көмек ала алады. Төлем терминалдарын (QIWI, Kassa24), kaspi.kz мобильді қосымшасын облыстың барлық медициналық ұйымдарында орнату мәселелері ерекше бақылауда», - деді Қор филиалының басшысы.
Сондай-ақ қазіргі уақытта төлеушілер үшін төлемдерді «Қазпошта» АҚ филиалдары, «KaspiBank» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және басқа екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асыра алады. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салымдар мен шегерімдер мөлшерлемелері: жұмыс берушілер үшін – жалақы қорының 2%, қызметкерлер үшін – жалақының 1%, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары - 1,4 ең төменгі жалақының 5%, АҚКШ бойынша келісіммен жұмыс жасайтындар – кірісінің 1% , ерікті төлеушілер ең төменгі 1 жалақының 5% (2125 тг).
Азаматтардың 15 санаты үшін төлемдерді мемлекет төлейді. Салымдарды есептеу мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен соңғы 2 жылдағы орташа жалақыны есепке ала отырып айқындалады.
Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері бойынша, төлем әдістері және қарыздың болуы туралы халыққа кеңестер беру үшін кері байланыс құрылғанын атап өтті. Байланыс орталығының номері "1406". Сондай-ақ, қордың аймақтық филиалдарына азаматтарды қабылдау пункттері ұйымдастырылды. Төлем терминалдарын, мобильді қосымшаларын облыстың барлық медициналық ұйымдарында орнату мәселесі ерекше бақылауда.