» » ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ

ҚАШЫҚТЫҚТАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалында қызмет атқарып жүріп танысып, табысқан біршама жұптар бар. Ғашықтар күніне орай бізсіздерге ерлі-зайыптылар Бақытжан мен Әйгерімді таныстыратын боламыз.
Бүгінгі кейіпкерлеріміз қызметте жүріп танысып, ғашықтар күні табысқан жандар. Бақытжан мен Әйгерімқаламыздағы #2 және #1 Халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс жасайды. Осыдан 2 жыл бұрын жұмыс барысында танысқан жұптарға бүгінде отау құрғандарына тура 1 жылтолып отыр. Жас отбасы дәм-тұздары жарасып, жас-жұбайлар атанғалы бері қара шаңырақтың отын сөндірмей отыр.
Ерлі-зайыптылар төтенше жағдай жарияланғанға дейін өз жұмыстарын орталықта отырып істеген.
Қазірқашықтықтанжұмысістеу тәртібі бойынша Бақытжан бейнеқоңырау арқылы күніне 150-ге жуық адамды мобильді азаматтар базасына тіркейді. Ал, Әйгерім 1414 байланыс орталығына түскен қоңырауларға жауап беріп, күніне 200-ден астам тұрғындарға кеңес береді. Сонымен қоса, жас келін ретінде үйдің де шаруасын атқарып отыр. Бақытжан мен Әйгерімнің айтуынша соңғы уақытта кеңес сұрап, хабарласатындардың саны артқандейді. Көбісін мемлекет тарапынан берілетін көмектер мен ЭЦҚ алу секілді мәселелер бойынша мазалайды.
Жарасымды жанұя қоңырау шалған тұрғындардың сұрақтарына жауап бере отырып, бір-бірін бүгінгі мерекемен құттықтауды да ұмытқан жоқ. Қосғашық болашақтарының баянды болатынына сенеді.
Азаматтарға арналған үкіметтің облыстық филиалының атынан Сіздерді осы мерекемен құттықтаймыз және мөлдір махаббат тілейміз!
16 сәуір 2020 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031