» » Қаламыздың инженерлік инфрақұрылымы дамып келеді

Қаламыздың инженерлік инфрақұрылымы дамып келеді


Былтыр республикалық, облыстық және қалалық бюджеттерден инфрақұрылымды дамытуға барлығы 3 млрд. 376 млн. теңге бөлінді. Ауыз су, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 61 млн. теңге, Ұлттық қор есебінен 545 млн. теңге бөлінді. Өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд. 44 млн. теңгеге қаламызда 34,4 шақырым ауыз су және 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті. Соңғы 5 жылдың ішінде Қызылорда қаласының ауыз су инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд. (15 млрд. 548,7 млн.)теңге қаржы тартылды. Қазіргі таңда, Республика бойынша қалаішілік су құбырлары  60 пайыздан астам толық жаңартылған және толығымен таза, жер асты ауыз суын тұтынып отырған бірден бір қала – Қызылорда қаласы. Қаламызда жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Соңғы 5 жылда қаладағы магистральды жылу желілерін жаңартуға 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды.
Былтыр жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізуге 1 млрд. 20 млн. теңге қаралып, тиісті жұмыстар атқарылды.
02 ақпан 2018 ж. 1 112 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031