» » 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 28,6 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

2018-2020 ЖЫЛДАРҒА ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРДЫ ГРАНТТЫҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 28,6 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Биылғы жылы 7 басым бағыттар бойынша ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға 28,6 млрд теңге бөлінді, деп жазады ҚР БҒМ Ғылым комитетінің ресми сайты.
    Білім және ғылым министрлігі 2018-2020 жылдарға ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға байқау жариялайды. Жобалар ғылымды дамытудың келесі басым бағыттары бойынша қаржыландырылады:
    1. Табиғи, оның ішінде су ресурстары, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз өнімдер мен құрылыстар
    2. Энергетика және машина құрылысы
    3. Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар, жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер
    4. Өмір және денсаулық туралы ғылымдар
    5. «Мәңгілік ел» ғылыми негіздер (ХХІ ғасырдағы білім, гуманитарлық ғылым саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер)
    6. Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауылшаруашылық өнімдерінің қауіпсіздігі
    7. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс.
    – 2018-2020 жылдары жүзеге асырылатын жобалар экономика, өндіріс және әлеуметтік сала секторларының іс жүзіндегі нақты қажеттіліктеріне бағытталған. Биылғы жылы гранттық жобалардың нәтижелілігіне жоғары талаптар қойылып отыр, - деп атап өтті комитет төрағасы Б. Әбдірәсілов.
    2018-2020 жылдарға қаржыландырудың жалпы сомасы 28,6 млрд теңгені құрады.
    Гранттық қаржыландыруға сұраным мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде берілуі тиіс және жеке тіркеу нөмірі болуы керек.
26 қаңтар 2018 ж. 979 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031