» » Storytellinq Ләззат БАҚТЫБАЕВА, жаттықтырушы-медиатор, волонтёр: Істеу қиын, сынау оңай

Storytellinq Ләззат БАҚТЫБАЕВА, жаттықтырушы-медиатор, волонтёр: Істеу қиын, сынау оңай

 Біздің қоғамда ерікті десе, шараларда қолына ту мен шар ұстап  тұратын немесе ағаш отырғызатын жастарды елестетеміз . Ерікті болу тек жастардың қолынан келетін іс боп көрінетіні тағы бар.  Бірақ ерікті болу жасқа қарамайтынын әлемді шарпыған індет дәлелдеді.
Ел басына күн туған сәтте ....
Иә, осы бір індет елімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Біз өте қиын жағдайда тұрмыз деуге болады. Бірақ еліміз қайырымды жандарға бай екеніне тағы бір мәрте көз жетіп отыр. Қаржылай болсын немесе жай ғана өз көлігімен науқастарға қажетті заттарды тасып беріп жатқан азаматтарымыз өте көп. Алайда қиын кездер де болуы ғажап емес. Қаражат бола тұра емдеуге қажет препараттарды табу қиындық туғызады. Тағы бір айта кететін жайт, әлеуметтік желіде бізді сынап жатқан адамдар да бар. Соған кейде қарным ашады...Бірақ сын болмаса алға жылжу да қиын.
Сізді алға не жетелейді?
Барлығымызға мәлім ел Президентінің жарлығы бойынша ағымдағы жыл Волонтерлар жылы деп жарияланды. Біз бұл жолды қызық үшін немесе пайда көру үшін таңдағанымыз жоқ. Ерікті болу деген ол – халық алдындағы біздің міндет. Мені алға жетелейтін өз отбасымның амандығы және халыққа кішкентай да болсын көмек беру.Елім осы бір індеттен тез құтылса екен деймін.
Ерікті болу не береді?
Дана халқымыз «Жайылымы болмаса, мал азады, мейірімі болмаса– жан азады»,  деп ұрпағын қайырымдылық пен мейірімділікке тәрбиелеген. Айналадағы адамдарға деген мейірім мен қамқорлық адамгершілік пен имандылықтың өлшемі саналады. Жақсылыққа ұмтылған жан алдымен қайырымдылық жасайды. Сондықтан болашақ ұрпақ тек өзін ғана емес, өзгелердің де мұқтаждығына мән берсе екен деймін.
Вирус жоқ...
Әрине халық басында бұл індетке сенбеді. Төтенше жағдай басталғалы ел Президенті жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың бей-берекетсіз жұмсалмауын қадағалауды тапсырды.Сол секілді төтенше жағдай кезінде арнайы мониторинг топ мүшелері мен біз де  дәріханалар мен дүкендердегі  баға тұрақтылығын бақыладық. Сол кезде біздің өте жиі естігеніміз  "вирус жоқ"деген сөз болды. Халық ұрыс шығарып,  қарапайым маска тақпады. Бастысы, еліміз Алланың қалауымен және  халқымыздың бірлігінің арқасында осы індеттен айықса екен деп тілейік! Басымыз аман, бауырымыз бүтін болғай!
Ерхан АҚЫН
16 шілде 2020 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930