» » Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетті

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина оң нәтиже көрсетті


 Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина жақсы нәтиже көрсеткенін айтты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық ғалымдар әзірлеген COVID-19-ға қарсы вакцина жақсы нәтиже көрсеткенін айтты. «Өздеріңіз білетіндей, қысқа мерзімнің ішінде ғалымдарымыз COVID-19-ға қарсы 2 вакцинаны дайындады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ол вакциналар бойынша шешім қабылдап, өз тізіміне енгізді. Біздің инактивтелген вакцинамыз қазіргі уақытта клиникаға дейінгі кезеңнен өтіп, өте жақсы нәтижені көрсетті. Суббірліктік вакцинамызға клиника алдындағы зерттеу жұмыстарын жүргізудеміз. Мұнан бөлек, үш платформа бойынша вакцина дайындау үстіндеміз», – деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесінде. Оның атап өтуінше, клиникаға дейінгі сынақ нәтижесі аталған вакциналардың қауіпсіз екендігін көрсеткен. «Алдын ала нәтижелері өте жақсы. Аталған институттың базасында био-фармацевтикалық зауыт салынып жатыр. Ол GMP стандарты бойынша иммундық-бологиялық препарттар шығаратын болады», – деді Асхат Аймағамбетов.
"Айқын" ақпарат
23 тамыз 2020 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031