» » Қандай әліппе енгізіледі?

Қандай әліппе енгізіледі?

   Мектеп бағдарламасынан алынып тасталған әліппе 2021 жылы қайта енгізіледі. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Тамыз конференциясында айтты.
  «Әліппе мәселесін көптен бері ұстаздарымыз, ата-аналар көтеріп жүр. Бұл мәселе маңызды. Біз әліппені қайтару керек деп есептейміз. Ол 2021 жылы өздеріңізге жақсы таныс қазақ тіліне бейімделген Ахмет Байтұрсыновтың әдістемесі негізінде енгізіледі. Біз қазір осыған байланысты жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді Аймағамбетов.
Министр әліппенің бірнеше нұсқасы қарастырылғанын, алайда баспалардың «қисынсыз» нұсқаларынан соң Байтұрсыновтың әдістемесіне тоқталғанын айтты.
  «Бір баспа 11 дауыссыз, 11 дауысты дыбыс бар әліппені әкеледі. Енді бір баспа 4 дауыссыз, 4 дауысты дыбыс бар әліппені ұсынады. Неге олай екенін сұрағанда ешкім нақты жауап бере алмайды. Әліппе эксперимент жасайтын нәрсе емес. Нақты қазақ тіліне бейімделген әдістеме бар. Сондықтан ештеңені ойдан шығармай осы әдістеме негізінде жұмыс жүргіземіз», - деді министр.
16 тамыз 2019 ж. 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031