Шектеу шараларына қатысты еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс енгізілді
Еліміздің бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 15 тамыздағы қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізді деп хабарлайды Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті.
Жаңа қаулыға енгізілген өзгерістер бойынша қызметіне рұқсат етілген нысандарда карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды облыстар мен қалалардың әкімдіктері, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері және полиция департаменттері қамтамасыз етеді.
Заңбұзушылықтар анықталған кезде «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік шаралар қабылданады.
Сонымен қатар қаулыда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссиясы отырысының 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6 хаттамасының 2.6-тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына 2 және 3-қосымшаларға сәйкес қызметі шектелмеген объектілерді қоса алғанда, объектілердің қызметін қайта бастау айтылған.
Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.