» » Жастар өз бойын түзесе игі

Жастар өз бойын түзесе игі

    «Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды», – деді Президент кешегі Жолдауында. Шынында, біз білімді әрі еңбексүйгіш жасты тәрбиелеуге тиіспіз. Сонымен бірге баланы өз күшімен еңбектенуге кішкентайынан үйретуіміз керек. Ерінбей, қай іске болса да кірісіп кететін буын бізге керек. Бақсаңыз, жұмыс істеуге ерінетіндер көп. Мұның түп-тамыры еңбекке баулымағаннан. Арамызда "дайын асқа тік қасық" болатындар бар. Бұл туралы: «Біздің қоғам еңбек құндылықтарына деген көзқарасты өзгерту керек. Жас буынға еңбекті бағалауды, оны абыройлы және абыройсыз емес деп бөлмеуді үйреткеніміз жөн» деді Президент.
Жолдауда айтылған «Аңсаған сәби» бағдарламасын да елеусіз қалдыра алмаймыз. Аталмыш бағдарламаның көптеген адамдарға, әсіресе жастардың отбасын сақтап қалуына, септігін тигізетіні сөзсіз. Өйткені қазіргі таңда жастар арасында ажырасу – өзекті мәселелердің бірі.
«Елдің отбасылық-демографиялық жағдайы үлкен алаңдаушылық тудырады. Өкінішке қарай, Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнама көрсеткендей, қазақстандықтардың 20 проценті мұны ажырасудың басты себебі деп санайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстан халқының өсуіне қатысты болжамы көңіл көншітпейді», – деді Президент. Сондықтан Президент Үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» бағдарламасын іске қосуды тапсырды. ЭКО бағдарламасы бойынша квота санын 7 мыңға дейін, яғни жеті есе көбейту қажет екенін айтты.
Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі: «Балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғау мәселесіне ерекше назар аудару керек. Біз кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттері үшін қылмыстық жазаны едәуір қатаңдаттық. Алайда бұл проблема әлі де ушығып тұр. Мұндай қылмыскерлер рақымшылық алу және мерзімінен ерте босау құқығынан айырылып, мейлінше қатаң жазалану керек. Оларды қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемелерінде оқшаулаған жөн. Мұндай әрбір істі прокуратура органдары ерекше бақылауға алуға тиіс. Әлеуметтік және құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі немесе салғырттығына байланысты қатаң жаза қолданылатын болады. Жалпы, бізге әлеуметтік саясаттың жаңа парадигмасы керек», – деді Президент өз Жолдауында.
Жолдауда айтылған тағы бір мәселе – ысырапшылдық пен мақтаншақтық. Қазақ ысырапшылдықтан әлі күнге дейін арыла алмай келеді. Мақтаншақтық та тыйылмай тұр. «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың жер жарады» дегендей, мұны жастар арасынан жиі кезіктіреміз. Президент айтқандай, халықтың жаңа болмысын қалыптастыруда, тұтас ұлт сапасын арттыруда ең әуелі елдің ертеңі, болашағы саналатын жастардың өз бойын түзеуі абзал іс.
  Қуаныш ЖАНҰЗАҚОВ,
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:
02 қыркүйек 2020 ж. 509 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031