ЖАҢА БУЫННЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ
Кезекті Жолдау әр саланың алдында тұрған басты мақсатты тағы бір айқындап берді. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы алдымендәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге ерекше алғысын білдіріп, күрделі кезеңмен күрес жалғасатынын жеткізді. Бұл ретте айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсетудің маңызы зор. Жолдауда Мемлекет басшысы жаңа буынның білім алудағы негізгі қағидалары мен ұрпақ тәрбиесіне ерекше назар аударды.
« Қазіргі міндет – халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру. Адамды және қоғамды уақыт талабына сай жетілдіру қажеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Жаңарған ұлт қана жаңғырған елдің жетістігін жаһан жұртына таныта алады. Мен халқымыздың әлем үлгі тұтарлық жақсы қасиеттерінің көбірек болғанын қалаймын. Ұлтымыз жаңа сапаға көшу үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеру керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс. Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек» дейді. Бұл көзқарас бүгінгі күні өте маңызды. Біріншіден, жиырма бірінші ғасырдың ұрпағы терең білімді болғаны жөн. Екіншіден, жас буынды ерінбей еңбек етуге бейімдеу қажет. Үшіншіден, кез-келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асырған дұрыс. Төртіншіден, темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бесіншіден, әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік – қоғам дамуының маңызды шарты. Әділеттілік, әсіресе, ел-жұрттың тағдырын шешу үшін аса қажет қасиет. Алтыншыдан, бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз. Қазақ зиялыларының жаңа кезеңдегі міндеті – ұлт болмысының жаңа қағидаттарын орнықтыру» деді Президент.
Мемлекет басшысының ғылымға қолдауды күшейтуді, соның ішінде «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізуге мың грант бөлінуін тапсыруы саланың беделін биіктетіп ғана қоймай, жастарға ерекше серпін беретіні сөзсіз. Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу, кәсіби дағдыларды сертификаттауды қарастыру мәселесі де шет қалмады. Алдағы уақытта осы бастамалардың сәтті жүзеге асатынына күмән жоқ. Ол үшін бүкіл қоғамның тастүйін бірлігі мен ынтымағы қажет деп білемін.
Бауыржан МӘСТЕКОВ,
Облыстық жастар ресурстық орталығыныңдиректоры:
Облыстық жастар ресурстық орталығыныңдиректоры: