» » БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ КЕРЕК

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛУ КЕРЕК

‒ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында түрлі мақсатты мәселелер бойынша кешенді бағдарламалар енгізеді. Экономикалық және әлеуметтік мәселелерді кеңінен қозғады. Оған қоса, медицина және білім саласында жалақы мөлшерінің көбеюі, қазақ жерінің сатылмауы, сапалы білім алудың қалыпасқан дәстүрлі тәсіліне көшу және төтенше жағдай министрлігінің құрылатынын айтты.
Берілген қағидаттардың жалпы мазмұны мынадай:
Өзіміз білетін әлемді әбігерге салған пандемия әсерінен халқымыздың экономикасы, әлеуеті күрт төмендеп, мемлекет қиын кезеңнен өтуде. Осы орайда Президент мемлекетке керек қағидаттар тізбегін жасап, осы Жолдау арқылы шешім қабылдауда.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы қазақ халқына бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыратын қағидаттарды атады. Болашақ мемлекет көрінісі ретінде басшымыз «21 ғасыр ұрпағы терең білімді, еңбекке бейімді, кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыратын, темірдей тәртіп пен жоғарғы жауапкершілікті бойымызға сіңіріп, әділдікпен өмір сүріп, қоғамның даму тағдырын шешу мақсатында бізге керегі ‒ адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық керек. Сонда біз жасампаз ұлтқа айналамыз», деді. Сөйтіп Президент күш жігер, қайсар мінез арқылы намысшыл өр рухты қазақ халқына жаңа бағдарламалар мен жаңа шешім шеңберін қабылдады.
Халқымыздың тәуелсіздік жолында сан ғасырлық арман тілегіне қол жеткізген ұрпақпыз. Келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толатыны жайлы айта кетті. Президент бұл сөздерінде болашақ ұрпақ терең білімді, бәсекеге қабілетті, еңбекқор болу керек дегенді баса айтып отыр.

Әлішер ҚАРДАШЕВ,
Jas Otan ЖҚ төрағасы

03 қыркүйек 2020 ж. 437 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930