» » ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША

ТИІМДІЛІГІ ЖОҒАРЫ МОБИЛЬДІК ҚОСЫМША

 Аймақта медбикелер мен ата-аналарға балаларды күтуге арналған "Патронажды медбике" мобильді қосымшасы тиімді іске асуда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикалық электронды денсаулық сақтау орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалының денсаулық сақтауды ақпараттандыру бөлімінің басшысы Ғалымжан Қазиев мәлімдеді.
    Мобильді қосымша арқылы жүкті әйелдер мен балалардың денсаулығына қатысты деректері жиналады және тіркеу бойынша қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, қосымша туғаннан бастап 3 жасқа дейінгі балалар денсаулығын, отбасының тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын, жүкті әйелдің денсаулығына қауіп-қатерді бағалауға мүмкіндік береді. Бұл мобильді қосымшамен барлық денсаулық сақтау ұйымдарының медбикелері жұмыс істей алады. Сондай-ақ, болашақ аналар немесе балалардың ата-аналарға видео және оқу материалдары түрінде көмек алуға мүмкіндік бар.
07 ақпан 2018 ж. 963 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031